2023 жылдың 20 сәуірінде сағ 15:00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі, «Asia Doll» Қазақстанның қуыршақ шеберлерінің шығармашылық одағымен бірлесіп авторлық қуыршақтар мен Тедди қонжықтарының халықаралық көрмесін ашады.
Көрмеге Қазақстанның (Алматы, Өскемен, Кокшетау, Тараз, Теміртау, Астана, Семей, Алтай), Беларуссияның (Брест), Қырғызстанның (Бішкек), Ресейдің (Нижний Новгород, Мәскеу, Калининград, Барнауыл) әртүрлі техникада жұмыс жасайтын 45-тан астам қол-шеберлері қатысады.
Көрме қуыршақ жасау өнерінің заманауи бағыттары мен ерекшеліктерін көрсетеді, сондай-ақ Қазақстан мен ТМД елдерінің қуыршақ жасайтын қол-шеберлерінің коллекцияларымен және жұмыстарымен таныстырады.
Көрме аясында «Жібек жолының алтын ғасыры» ұзақ мерзімді жобасы ұсынылады, онда «Жібек жолы» тақырыбындағы Жібек жолы арқылы өткен елдердің ертегілер кейіпкерлері, этникалық киімдері, жануарлар мен адамдардың жиынтық бейнелері сияқты авторлық шығармалар ерекше орын алады. Сондай-ақ, балаларға арналған «Жалаңаяқ балалық шақ» жобасы ұсынылады. Қуыршақтар мен ойыншықтар бала кезінен адам өмірінде үлкен рөл атқарады, олар бізді мейірімді болуға, сүйіспеншілікке және жауапкершілікке үйретеді.
Шеберлердің орасан зор жұмысы мен еңбегі әлемдік жеке коллекциялар мен галереяларда мәртебеге ие болатын бірегей туындылар жасауға мүмкіндік береді.
Көрмеге белгілі алматылық суретшілер, қуыршақ шеберлері, сәнгерлер мен бизнесмендер қатысады.
«Asia Doll» авторлық қуыршақтар мен қонжықтар көрмесінде қуыршақ шеберлерлерінің әртүрлі техникада жасалған 100-ден астам авторлық жұмыстары ұсынылады.
«Asia Doll» көрмесінің жұмысы барысында музейге келушілердің барлығына экскурсиялар жүргізіледі.
Экскурсияға, 8 777 825 53 11 нөмері арқылы тапсырыс беруге болады.
ҚР Мемлекеттік орталық музейі «Asia Doll» қуыршақтар көрмесін тамашалауға шақырады.