2023 жылдың 2-11 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде Біріккен Ұлттар ұйымының әлем бойынша қызметіне және Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің ашылуына 30 жыл толуына орай БҰҰ-ның көрнекті фотосуреттерінің көрмесі өтеді.

Көрмеде соңғы онжылдықтағы БҰҰ бағдарламаларының іске асуы мен  қызметін ашатын фотосуреттер ұсынылады, олар: БҰҰ-ның әлемдегі аштық пен кедейлікті жою жөніндегі азықтық бағдарламалары; БҰҰ-ның әйелдер, балалар, босқындар құқықтарын нығайту және қорғау жөніндегі науқандары; БҰҰ-ның бітімгершілік операциялары; денсаулық пен әл-ауқатты қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламалары және т.б.

Фотосуреттер Конго Республикасында туберкулезге қарсы балаларды вакцинациялау мен 1947 жылы Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясы сияқты әртүрлі елдердегі адамдардың және т. б. өмірін көрсетеді;

Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Ақпараттық бюросы ұйымның жұмысын танымал ету, сондай-ақ орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуді қолдау бойынша әртүрлі сипаттағы ақпараттық қызметті жүзеге асырады.