Ағымдағы жылдың 3-14 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінде онкологиялық ауруларды дестигматизациялауды қолдау мақсатында «Өмірге-өмір жалғассын» көрмесі өтеді. Көрмеге Алматы қаласының, сонымен қоса қазақстандық жас суретшілердің цифрлық және дәстүрлі кескіндеме техникасында орындалған туындылары қойылады. Көрмеде ауруды жеңе алған үш кейіпкердің әңгімелері, сондай-ақ оларды ашқан фотосуреттері басты орын алады.

Көрменің басты мақсаты: келушілерге ауруды жеңген кейіпкерлердің жолын түсінуге және сезінуге мүмкіндік береді.

Қазақстандық суретшілер Бақыт Бубиканова, Асхат Ахмедияров, Аружан Жұмабек, Олег Зуев және Георгий Трякин-Бұхаровтың жұмыстарынан құралған көрме 17-ші ақпан мен 5 –ші  наурыз  аралығында Астана қаласында өтіп, бүгін Алматы қаласынан жалғасын тауып,  Семей қаласынанда ұйымдастырылу жоспарлануда.

«Seniminmen» қорының мүшелерінің айтуынша, онкологиялық науқастарды емдеу үшін ең маңызды қадам – психологиялық көмек. Қордың негізін қалаушы психотерапевт, онкопсихолог Динара Құсайынованың аутынша қатерлі ісік науқастың моральдық жағдайына қатты әсер етеді. Психологиялық көмек науқастарға диагнозына байланысты күйзелісті, мазасыздықты және үрейді жеңуге мүмкіндік береді

Адамдарға онкология диагнозын қою – көбінесе үлкен күйзеліске түсіріп, түрлі психикалық ауытқуларға ұшыратады. Бұл ауруды бастан кешіру эмоционалды және когнитивті кезеңдерден тұрады. Дертке шалдыққан адам стигм әсерінен аурудың алдын алу үшін тексерістен өтуге, диагнозын басқаларға айтуға тартыншақтауына байланысты психологиялық сүйемелдеуді талап етеді.

Әлемдік тәжерибеге сүйенетін болсақ, қатерлі ісікке шалдыққан адамдар дертті жеңіп шығу үшін, психологиялық көмек онкологиялық науқастарға арналған терапияның ажырамас бөлігі болып табылады, өйткені бұл оларға оң көзқарасты сақтауға және аурумен күресуде төзімділікті нығайтуға көмектеседі.

«Seniminmen» қоры – онкологиялық ауруды жеңген адамдардың табысты оқиғалары мен оң нәтижелерін аталмыш дертпен бетпе-бет келген көптеген адамдар мен олардың жақындарын ынталандырып, оң әсерін тигізеді деп үміттенеді.