2023 жылдың 7 қараша күні 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлкеттік өнер музейінде Қазақстан Республикасының Суретшілер одағының 90 жыл тоуына орай мерейтойлық көрмесі ашылады.

Бүгінгі ҚР Суретшілер одағының көрмесінде суретшілердің соңғы екі жылда орындаған туындылары ұсынылады. Олардың барлығы алғаш рет көрмеге қойылып отыр. Қазақстанның түрлі қалалары мен аудандарынан келіп қосылған қатысушылар болып табылады. Сондай-ақ көрме экспозициясында Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Грузия, Литва, Бурятия суретшілерінің туындыларын да тамашалуға болады.

ҚР Суретшілер Одағы-Қазақстандағы алғашқы шығармашылық ұйым. Оның дүниеге келуі 1928 жылы Семей суретшісі Н. Крутильниковтың бастамасымен қазақстандық авторлардың көркем шығармаларының алғашқы жылжымалы көрмесі ұйымдастырылуымен басталды. Туындылармен жегілген түйелер керуені Риддер қаласынан шығып, Қарағандыға жетеді. Әр қалаға тоқтаған сайын керуенге сол жерде тұратын жергілікті суретшілердің жаңа туындылары қосылып отырды. Қарағанды қаласында көрмеге жас Әубәкір Исмаиловта өзінің нобайларымен қатысты. Сол жерде туындылар сол замандағы Кеңестік Қазақстанның астанасы Қызылорда қаласына бағалы жүкті қауіпсіз жеткізетін ескі үш тонналық жүк көлігіне тиелді. Қызылорда қаласында көрмеге КСРО Мәдениет халық комиссары А. Луначарскийден жеделхат келіп түседі. Ол Қазақстан суретшілерін алғашқы көрмесімен құттықтайды, содан соң 1933 жылы Қазақстан суретшілерінің Ұйымдастыру комитеті құрылды және ол заңды тіркеуден өтіп, сол кезден бастап Қазақстан сол кезеңдегі экономикалық қиындықтарға қарамастан, ұйымды ел бюджетінен қаржыландыру басталады. Қаржыландыру бірнеше орындардан болды. Суретшілердің бастамасымен «Суретші» кооперативі құрылып, Мемлекеттік құрылымдардан көркемөнер жұмыстарына тапсырыстар түсе бастады. Кейінірек кооператив шығармашылық-көркемдік өндірістік базаға айналды, Социалистік экономикадағы жалғыз нарықтық құрылымға айналған Көркемдік қор болды. Алғашқы жалпы ортақ көрме ҚазКСР Компартиясының 15 жылдығына орай ашылды және оның барлық жұмыстары Т. Шевченко атындағы болашақ галереяның қорына сатып алынды, бүгінде бұл Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі болып табылады. 1940 жылы Ұйымдастыру комитеті Қазақстан суретшілерінің бірінші Съезін өткізіп, осы іс-шараға орай Қазақстанның түрлі қалаларында 8 филиал ашты. Бұл КСРО-дағы суретшілердің алғашқы съезі болды. Ұйымдастыру комитеті «Республикалық суретшілер Одағы» болып қоғамдық бірлестік ретінде қайта тіркелді. Соғыс жылдары аралығында (1941-1945) Суретшілер одағы Мәскеу, Ленинград, Киев, Харьков және Кеңес Одағының басқа қалаларынан танымал шеберлерді эвакуациялауға қабылдады. Олардың көпшілігі, мысалы, Киев институтының профессоры А. М. Черкасский Қазақстанда қалып, Қазақстанның көптеген суретшілерінің сүйікті оқытушысы болды. Өз өмірін елімізбен байланыстырғандардың қатарында әйгілі «Өнер әлемі» тобының мүшесі Елизавета Говорова, Елена Великанова, Павел Зальцман және басқалар бар. Соғыс жылдарында олар еліміздің алғашқы суретшілері Ә. Қастеев,               Ә. Ысмаилов Ү. Әжиевпен бірлесіп көрмелер мен талқылаулар ұйымдастырды, дәрістер өткізді, тіпті «Суретші» атты қолжазба журналын шығарды. Қалыптасудың қиын жылдары 40-жылдардың аяғында аяқталды, 50-ші жылдары Қазақстан суретшілері жоғары деңгейлі қалыптасқан кәсіпқой суретшілер болып таныла бастады. Барлық суретшілердің туындыларында ұлттық мәдени және эстетикалық дәстүрге үндеу айқын көрінді. Қазақстан үшін бейнелеу өнерінің жаңа кәсіби мектебі Еуропалық өнердің алуан көркемдік әдістері мен қазақтың ұлттық мәдени-дүниетанымдық дәстүрлерінің синтезі аясында қалыптасып жатқаны белгілі болды. Қазақстанның тұңғыш суретшісі Ә. Қастеевтің алғашқы шығармаларынан бастап С. Мамбеев, Ү. Әжиев, Қ. Телжанов, мүсінші          Х. Наурызбаевтың кескіндемелік туындыларында қазақи негіздегі тақырып игеріліп, ұлттық көркемдік-пластикалық бейнелі тіл іздестірілді және әрбір жаңа ұрпақ осы жолда жаңа міндеттер қойып, оны игере бастады. Сонымен қатар, алпысыншы жылдардағы суретшілер С. Айтбаев, Ә. Сыдыханов, Ш. Сариев, М. Кисаметдинов, ұрпағы үшін ХІХ ғасырдың басында және  ХХ ғасырдың соңында авангардтық ағымдардың тәжірибесін игере отырып, «қазақша бояулар салу» деген ойға (Ш. Сариев) ұмтылу арқылы көркемдік бейнені түсініп табуға ұмтылды. 80-90 жылдары Е. Төлепбаевтың туындыларында, А. Ақанаевтың алғашқы еңбектерінде, Е. Мергеновтің мүсінінде әлеуметтік тақырыптар айтылды. Қазіргі заман суретшілері           О. Есенбаев, Ө. Жұбаниязов, Ж. Такен, Қ. Хайруллиннің шығармашылығында адам өмір сүріп жатқан уақыттың жаңа сын-тегеуріндеріне көркемдік құралдармен концептуалды түрде жауап беруге деген ұмтылысы айқын көрінеді.

Қазақстан суретшілерін кәсіби ұйымымыздың 90 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, көрмеге қатысушы Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Грузия, Литва, Бурятия суретшілеріне Алғыс білдіреміз! Мерейтойлық күн қарсаңында біздің тарихымызда алғаш рет Қазақстанда Алматы қаласында грузин суретшілерінің көрмесін өткізген Грузия Суретшілер одағына ерекше алғыс айтамыз!

Тарихи өлшеммен салыстырсақ 90 жыл-бұл бір ғана сәт. Батыс пен Шығыстың белгілі бейнелеу өнері мектептері өздерінің хронологиясын есептеп көрер болса, онда жүздеген ғасырлар, тіпті мыңжылдықтар бар екені белгілі.  Қазақстан бейнелеу өнерінің келешегінде жаңа жаңалықтары, жаңа есімдері, жаңа мүмкіндіктері бар.

ҚР Суретшілер Одағының хатшылығы.