2025 жылдың 19 наурыз күні сағат 19.00-де Жамбыл атындағы филармонияның Үлкен залында «Весенний каприз» атты ерекше концерт өтеді, Наурыз мейрамына арналған вокалды-аспаптық музыка кешінде көрермендерді әлемдік классика мен танымал киномузыканың үздік туындылары күтеді.
Орындаушылар:
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері – Аида Аюпова (скрипка), Бағдат Әбілханов (скрипка), халықаралық байқаулардың лауреаттары – Ермек Құрманаев (виолончель), Береке Еңкебаева (вокал), Александра Наумова (фортепиано).
Бағдарламада:
Ж.Массне – «Размышление»
Д.Уильямс - Список Шиндлера к/ф музыка
Е.Шакеев – «Жди меня»
Э.Морриконе - Cinema Paradiso к/ф музыка
В.Монти – «Чардаш»
Т.Альбинони – «Адажио»
Ғ.Жұбанова - О.Сүлейменовтің өлеңдерінен романстар циклі
Л.Хамиди – «Бұлбұл»
Р.Глиэр – «О, не вплетай цветов»
Б.Прозоровский - «Шелковый шнурок»
К.Сен-Санс – «Лебедь»
С.Рахманинов – «Вокализ»
A. Пьяццолла - «Либертанго» «Le Grande Tango»
Д.Каччини - «Аве Мария»
Де Фалья- «Испанский танец»
К.Гардель - «Запах Женщины» кинофиліміне танго
А.Пьяццолла – «Кафе»
Ю.Хальворсен - «Пассакалия»
Бұл кеш Наурыз мейрамының көктемгі жаңару мен үміт символы ретінде, көктемгі сезімнің ең нәзік қырларын ашуға мүмкіндік береді. Концерттің бағдарламасы классикалық шығармалардан бастау алып, танымал киномузыкалар мен әлемдік деңгейдегі аспаптық өнердің үйлесімі көпшілікке ұсынылады.