Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жобаларды онлайн ұйымдастыру жөніндегі, оның ішінде «Өнер онлайн» бастамасымен, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры 29 наурыз сағат 12:00-де «ГАТОБ LIFE» атты театр өмірі туралы онлайн жоба ұсынады.

Осы жексенбіде, Youtube, Facebook және Instagram платформалары арқылы тікелей эфирде көрермендермен «А. Аданның «Корсар» балеті: шытырман оқиға немесе мәңгілік классика» тақырыбында онлайн кездесу өтеді.

Қойылым тобының құрамында: қоюшы-балетмейстері Гүлжан Түткібаева, қоюшы-дирижері Ерболат Ахмедьяров, суретшісі Есенгелді Тұяқов балет тұсаукесерін ұсынып, спектакльдің туындау құпиясымен бөліседі.

Көрермендер спектакль тарихның эксклюзивті материалдарымен танысып, тікелей эфирде өздерін қызықтырған сауалдарын қоя алады, сондай-ақ байқауға қатысады. Жеңімпазды ҚМАОБТ жұлдызының қолтаңбасы қойылған естелік сыйлық тосады.

Эфир модераторы - театр директоры Ая Қалиева.


По инициативе Министерства культуры и спорта РК об организации проектов в онлайн режиме, в числе которых «Өнер онлайн», Казахский Государственный академический театр им. Абая 29 марта в 12.00 в прямом эфире представит новый проект о жизни театра «ГАТОБ LIFE».

В это воскресенье, на платформах Youtube, Facebook, Instagram пройдет первая онлайн встреча со зрителями на тему: «Балет А. Адана «Корсар»: авантюрное приключение или бессмертная классика».

Постановочная команда в составе: балетмейстер-постановщик Гульжан Туткибаева, дирижер-постановщик Ерболат Ахмедьяров, художник Есенгельды Туяков представят презентацию балета и приоткроют тайну рождения спектакля.

Зрители увидят эксклюзивные материалы из истории спектакля, смогут задать вопросы в прямом эфире и принять участие в конкурсе. Победителя ждет памятный подарок с автографом звезды ГАТОБ.

Модератором ии выступит директор театра Ая Калиева.