Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ҚР БҒМ РҚББОӘО қолдауымен «Тұран» университетінде халықаралық пікірталас және зерттеу орталығының ашылуы өтті.
Салтанатты ашылу рәсімі лента қиюдан және «International Debate and Research Center» орталығы қызметімен таныстырудан басталды.
Іс-шараның құрметті қонақтары ҚР білім және ғылым Министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Р.П. Шер, Алматы қ. «Дарын» орталығының директоры Ж.Ж. Айтпаева болды.
Орталықты ашу мақсаты – Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті пікірталас қоғамдастығын құру.
«Тұран» университетінің пікірталас қозғалысын дамыту бойынша 12 жылдан астам қызметі ішінде 180 турнир өткізіліп, 150-ден астам оқушылар мен студенттерге оқуға гранттар мен жеңілдіктер берілді.
Пікірталас қозғалысының өзектілігі жыл сайын артып келеді, өйткені қазіргі әлемде мемлекетке де, қоғамға да терең білімі мен кәсіби дағдылары бар ғана емес, сонымен қатар пікірталасқа қатысу арқылы қалыптасатын белгілі бір тұлғалық қасиеттері бар мамандар қажет.
Бұл орталық халықаралық пікірталас қоғамдастықтарымен өзара әрекеттесу үшін оқушылар және студенттерге ағылшын тілінде пікірталастар бойынша курстар өткізетін, педагогтарға пікірталас техникасын дамытуды үйрететін, оқушылар, колледжде білім алушылар және студенттер үшін ағылшын тілінде пікірталас, зияткерлік турнирларын өткізетін алаң болады.