2022 ж. 18-мамыр күні Satbayev University-де «TECHNO WOMEN ALMATY: ALMATY – DIGITAL HEART” атты Форум өтеді.
"Techno Women Almaty" форумын өткізудегі басты мақсатымыз – технология саласында жұмыс істеп жүрген қыз-келіншектердің басын қосып, жұмыстарын елге таныту. Біз Алматыда қала тұрғандары мен қонақтарына арналған жайлы және ыңғайлы жаңа шешімдерді жүзеге асыратын прогрессивті әйелдер қайымдастығын құруды жоспарлап отырмыз.
«TECHNO WOMEN ALMATY: ALMATY – DIGITAL HEART» - қазақстандықтардың бақытына арналған жаңа идеялар мен жобаларды ұсынатын қызықты және жарқын спикерлер ойларымен бөлісетін алаң болады. Іс-шараға мына сілтеме бойынша тіркелуге болады https://technowomen.eventum.one/ru
«TECHNO WOMEN» қауымдастығы EduTech, FinTech, GovTech, HealthTech Digital, New Media және басқа да салалардағы компанияларда жұмыс істеп, шағын және орта бизнесте цифрлық қызметтер мен технологиялық стартаптарды дамытып жүрген қаз-келіншектерден құралған.
Форумның спикерлері қыздардың цифрлық экономика мен технологиялық салаларға қаьысу мүмкіндіктері туралы айтып, Алматы қаласының азаматтарға қолайлығын ұлғайтуға арналған IT жобалармен таныстырады. Сонымен қатар қыз балаларды бағдарлау мен жаңа цифрлық дағдыларға үйрететін программаны ұсынады.
Жаңа технологиялардың көмегі арқылы экономикалық мүмкіндіктерді кеңейтіп қаржылық тәуелсіздікке ие болудың жолдары жайлы қонақтарымыз сөз қозғайды. Ол үшін бүгін BTS Education электронды коммерция мектебі мен жоғары технологиялар саласындағы қыздардың кәсіби біліктілігін арттыруға арналған менторинг бағдарламасы сияқты тегін жобалар бар.
Сонымен қатар «TECHNO WOMEN» қауымдастығы экономика салаларында ауқымды цифрландыру үрдістерін жүргізу үшін әйел цифрлық офицерлерді дайындауды жоспарлап отыр.
Іс-шарада қыз балаларға жаңа цифрлық әлемде бәсекелестіктерін арттыруға мүмкіндік беретін Jumysbar-дан SMM мен Product Management бойынша, Geometry-ден Power BI-дегі деректер аналитикасы бойынша және бағдарламалау мектептері мен өзге де білім беру баңдарламаларының сертификаттары ойнатылады.
«TECHNO WOMEN» қауымдастығы технологиялық слаларда қыз-келіншектердің алдынан шығатын гендерлік дискриминация мәселелерін зерттеп, технологиялық компаниялар үшін арнайы политика жасауды ұсынып отыр. Сонымен қатар «TECHNO WOMEN» мемелекет қыз балалар мен олардың ата-аналарына STEM пәндеріне қыздардың қызығушылығын арттырып оларды ынталандыру үшін мектептен бастап түсіндіру жұмыстарын жүргізу керектігін атап отыр. Астана Хабпен бірлесе отырып қыз-келіншектерді IT стартаптары бойынша жаңа бірлескен баңдарлама ашқалы жатыр.
«TECHNO WOMEN» қауымдастығына мына сілтеме арқылы қосылуға болады: https://t.me/+mLAWRYFq0epkNTZi
Технологиялық салаларда қызмет істеп жүрген қыз-келіншектердің кездесуі
«Satbayev University» ғимаратында өтеді. Мекенжайы: Алматы қ-сы, Сәтпаев к-сі, 22
Іс-шара сілтемесі: https://astanahub.com/event/pervyi-kazkhastanskii-foruma-techno-women-2022-novoe-pokoleniia-zhenshchin
Анықтама үшін. Жаңадан құрылға қауымдастықтың негізгі мақсаттары:
- Жоғары технологиялар саласында қызмет етіп жүрген қыз-келіншектердің қәсіби қауымдастығын құру және олардың осы салада кәсіби жоғарылауына ықпал ету.
- Әйелдердің digital start up қозғалысының кең таралуына қолдау көрсету.
- Қыздарды STEM пәндері, бағдарламалау, робототехника, компьютерлік дизайн, электронды коммерция мен басқа да салалас пәндер бойынша оқытуға қолдау көрсету.
- Цифрлық экономикадағы жаңа мамандықтар туралы әйелдер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жоғары технологиялардың көмегімен әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін арттыру.
- Экономиканы цифрландырудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған пікірталас алаңын құру.
- Цифрлық экономикадағы гендерлік теңдікті қолдау.
- Әйелдердің цифрлық экономикаға белсене араласуына жағдай жасау.
Қазақстан әйелдерінің жаңа буыны прогрессивті идеяларды таңдайды!
Болашағыңды бағдарлап, әлемді өзіңе жайлы қылып өзгерт!