(Е.Б. Вандровскаяның туғанына 100 жыл толуына арналған)
Конференция өзекті көркем сын мен оның проблемаларын зерттеуге, сонымен қатар еліміздегі өнертану мектебінің қалыптасып, дамуына зор үлес қосқан алғашқы өнертанушылардың бірі Елена Борисовна Вандровскаяның туғанына 100 жыл толуына арналады. Ол өнертанудың мәртебесін тиісті биіктікке көтерген өнер теоретигі, тарихшысы, сыншысы және музей қызметкері әрі оқытушы болды. Т.Г. Шевченко атындағы галереяда 22 жыл (1953-1975) қызмет етті. Бас қор сақтаушы қызметінде жүріп, ол музей экспонаттарын есепке алуды құжаттау жүйесін ретке келтірді. Е.Б. Вандровская 1960 жылдан галереяда ғылыми қызметкер болып жұмыс істеп, ауқымды зерттеу және дәріптеу-тарату жұмыстарын жүргізеді, туындыларды атрибуциялау және талдау жұмысын жаңа ғылыми деңгейге қойды. Онан кейін Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінде сабақ берді. Вандровская Елена Борисовна көркемсурет сыншысы, өнер тарихшысы, музей қызметкері ретінде Қазақстан өнертану ілімінің басы-қасында болды. Ол қазақстандық суретшілердің шығармашылығына алғашқылардың бірі болып ден қойды.
Кәсіби бейнелеу өнерінің, республикадағы көркемсурет мектебінің тарихы ХХ ғасырдың 20 жылдарынан, ал кәсіби өнертану ілімінің қалыптасуы ХХ ғасырдың 50-жылдарынан бастау алады.
Конференция 2022 ж. 21 қазанда сағат 10.00-18.00 Алматыда Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде өтеді, Алматы, Қазақстан
Конференцияның тақырыбы Е.Б. Вандровскаяның жеке тұлғасына, сондай-ақ ХХ-ХХІ ғасырлардағы отандық өнертану мәселелеріне арналған баяндамалар мен хабарламаларды қосуды ұйғарады.
Конференцияның бағыттары келесі тақырыптарды қамтуды қарастырады:
- Жаңа Қазақстанның өнертануы: дәстүрлер мен жаңашылдықтар.
- Қазақстандағы өнертану, өнер теориясы мен тарихы. Тарихи ретроспектива.
- Көркем сын: проблемалар және перспективалар
- Қазақстандағы музей ғылымы: тәжірибе және перспективалар.
- Қазақстан Республикасындағы музей ғылымының қалыптасу және даму сатылары.
Конференцияның мақсаты – академиялық өнертану мектебінің тарихы мен теориясына байланысты мәселелерді айқындауда Қазақстан өнертануын тарихи динамикадағы және оның көріністерінің алуан түрлілігіндегі біртұтас құбылыс ретінде көрсету.
Конференцияның жұмыс тілі – қазақ және орыс тілдері.
Сөз сөйлеу регламенті (тәртібі) – 20 минутқа дейін
Конференция материалдары негізінде мақалалар жинағын басып шығару жоспарда бар.
Конференция өтетін жерге келу және қонақ үйде тұру ақысы жіберуші Тараптың есебінен төленеді.
Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына сәйкес келмейтін баяндамаларды қарамауға құқылы.
Конференцияның ұйымдастыру комитеті:
Мұқажанова Күлжазира Жұмаділқызы, AICA Ұлттық секциясының президенті, Қазақстанның енбек сіңірген қайраткері, Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ «Қазақстан бейнелеу өнері бөлімінің» жетекшісі
Ким Елизавета Михайловна, өнертанушы, AICA Ұлттық секциясының мүшесі
Ли Камила Витальевна, өнертанушы, AICA Ұлттық секциясының мүшесі, ҚР СО хатшысы
Резникова Екатерина Ильинична, өнертану кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, AICA Ұлттық секциясының мүшесі, Әбілхан Қастеев атындағы ҚР МӨМ ғылыми хатшысы
Оразқұлова Қалдыгүл Серікқызы, философия ғылымдарының кандидаты, профессор, өнертанушы, AICA Ұлттық секциясының мүшесі, Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының меңгерушісі.