«Ирина Кайратовна» тобы Орталық Азиядағы ең ірі IQ BBQ ғылыми-музыкалық фестивалінің басты орындаушысы болмақ

Қазақстандық танымал топ «Ирина Кайратовна» 24 тамыз күні  алғаш рет Алматының орталығында СЖК стадионының аумағында өтетін IQ BBQ фестивалінің басты музыкалық орындаушысы болмақ. Бағдарламада:ғылыми танымал жетекші ғалымдар мен жұлдыздардың сөз сөйлеулері, үлкен концерт, роботтар көрмесі, арт-инсталляциялар, балалар зертханалары және тағы басқа іс-шаралар ұсынылады.       

«5000», «Чина», «Arriva» және «Wu Kang» әзіл-сықақ тректерімен танымал «Ирина Кайратовна» рэп тобы IQ BBQ-дің музыкалық сахнасында  өнер көрсететін болады. Топтың концерті фестиваль бағдарламасының соңғы нүктесі болады.      

IQ BBQ ғылыми-музыкалық фестивалі  спикерлер мен әртістердің алғашқы толқынын жариялады. Фестивальдің сөз сөйлейтін лекторлары: американдық астрофизик, космология саласындағы маман және Аризона мемлекеттік университетінің Origins жобасының директоры Лоуренс Краусс, химик-тиктокер және "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпазы Ұлан Үсенов, жазушы, ғылыми журналист және биологиялық мифтерді бұзушы Александр Панчин, теориялық физик және кванттық физика бойынша маман Алексей Федоров, өнер теоретигі және заманауи суретші Дмитрий Гутов, биология ғылымдарының докторы және Academia Europaea мүшесі Михаил Гельфанд, Яндекстің жасанды интеллектті дамыту жөніндегі директоры-Александр Крайнов және басқалар.

Музыкалық сахнада "Ирина Кайратовнадан" басқа Moldanazar синти-поп тобы өнер көрсетеді.

IQ BBQ-бұл ғалымдардың, ғылымды танымал етушілердің, технологиялық бизнес өкілдерінің, өнер қайраткерлерінің және Алматы тұрғындарының бейресми қарым-қатынасы үшін ашық-әуе кеңістігі

Фестиваль бағдарламасы-бірнеше тақырыпты қамтиды: ғылыми-зерттеу жұлдыздарының дәрістері; арт-инсталляциялар; роботтар көрмесі; барлық отбасы үшін шебер сыныптары, ғылыми зертханасы және ойын кітапханасы бар интерактивті аймақ; фудкорттар; музыкалық сахна және тағы басқалар.

Жеңілдетілген бағамен билеттер сілтеме бойынша