17 наурыз күні Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының сахнасы көне дәстүрлер мен Өзбекстанның жарқын мәдениетін жандандыратын алаңға айналады. Қазақстандық көрермендер ғасырлар бойы халықтың жадында сақталып келе жатқан бірегей биді арқау еткен әйгілі спектакль – "Лазги. Жан мен махаббат биі" қойылымын тамашалай алады.
Лазги – махаббаттың, еркіндіктің және жан тыныштығының биі.
Қойылымды әйгілі неміс хореографы әрі балетмейстері Рауль Раймондо Ребек қойған. Бұл спектакль ЮНЕСКО адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы ретінде мойындаған көне өзбек биі лазгиге арналған. 3000 жылдан астам тарихы бар Лазги халықтың сан ғасырлық дәстүрін көрсетіп, терең даналықты жеткізеді.
Өзбекстанның Ұлттық балетінің қойылымы әлемнің түкпір-түкпірінде көрермендердің сүйіспеншілігіне бөленді. Халықаралық премьерасы Dubai Opera сахнасында өтті, содан кейін спектакль Париж, Мәскеу, Ыстамбұл, Лондон, Бейжің сияқты ірі мәдени орталықтарда зор жетістікпен қойылды.
Қойылым көрермендерді алыс өткенге саяхатқа алып барып, Орталық Азия құмдарында мыңдаған жыл бұрын дүниеге келген би мен өмірге деген сүйіспеншілік тарихын баяндайды. Лазги биі ғасырлар бойы ұрпақтарды біріктіріп, халықтың рухын жеткізіп келеді.
Қазақстандағы премьера: 17 наурыз, Алматы, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры
Қосымша көрсетілім: 27 наурыз, Астана, "Астана Опера"
Шығармашылық топ:
- Идея авторы: Саида Мирзиеева
- Жоба жетекшісі: Гаянэ Умерова
- Либретто және хореография: Рауль Раймондо Ребек
- Сценография: Йоко Сеяма
- Костюмдер дизайнері: Фрол Буримский
- Музыкалық аранжировка: Дэвидсон Джаконелло
Өзбекстанның Мәдениет және өнерді дамыту қоры туралы
Өзбекстанның Мәдениет және өнерді дамыту қоры (ACDF) елдің мәдени мұрасын сақтау, насихаттау және қолдау жұмыстарымен белсенді айналысады. Қор шығармашылық экономиканы дамытуға, өнер адамдарына мүмкіндік жасауға ықпал етеді. Қордың басты бастамаларының қатарына мыналар жатады:
- Жапонияда өтетін Expo 2025 көрмесіне Өзбекстанның қатысуы
- Ташкенттегі Қазіргі заманғы өнер орталығын қайта құру
- Алғашқы Бұхара биенналесін ұйымдастыру
- Тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру
Қордың ресми сайты: acdf.uz