Яндекс Музыка Қазақстанда музыкалық премьералардың жаңа мәдениетін қалыптастыруды жалғастырып келеді. Sadraddin-нің сәтті өткен Listening Party кешінен кейін сервис елдегі ең танымал музыкалық топтардың бірі – «Ирина Кайратовна» тобының жаңа альбомына арналған кезекті эксклюзивті іс-шараны ұйымдастырды.

«XIV» альбомының ресми релизіне бір күн қалғанда Алматыда Яндекс Музыка ұйымдастырған жабық форматтағы Listening Party өтті. Іс-шараға жиналған жанкүйерлер жаңа альбомды ресми жарыққа шықпай тұрып алғашқылардың бірі болып тыңдап, топ мүшелерімен жүздесіп, жаздың ең көп күткен музыкалық оқиғаларының біріне куә болды.

Кешке қатысушылар жаңа туындылармен өзгелерден бұрын танысып қана қоймай, музыканттармен еркін әңгімелесіп, әр композицияның дүниеге келу тарихын олардың өз аузынан естуге мүмкіндік алды. Шынайы эмоциялар, жылы атмосфера және өнерпаздармен тікелей қарым-қатынас бұл кешті көрермен үшін де, топ мүшелері үшін де есте қаларлық ерекше оқиғаға айналдырды.

Listening Party бүгінде әлемдік музыкалық индустриядағы танымал форматтардың біріне айналды. Қазақстанда бұл мәдениетті жүйелі түрде дамытып келе жатқан – Яндекс Музыка. Сервис музыкалық релиздерді цифрлық платформаларда жариялаумен ғана шектелмей, орындаушылар мен тыңдармандарды бір кеңістікте тоғыстыратын ерекше жобаларды жүзеге асырып келеді. Соның нәтижесінде жаңа альбомның тұсаукесері жай ғана релиз емес, көпшілік асыға күтетін мәдени оқиғаға айналып отыр.

«Ирина Кайратовна» тобының Listening Party кеші – Яндекс Музыканың Қазақстандағы осы форматтағы екінші ірі жобасы. Бұған дейін сервис танымал жас орындаушы Sadraddin-нің жаңа альбомына арналған эксклюзивті тыңдалым кешін өткізіп, тыңдарман мен әртіс арасындағы байланыстың жаңа үлгісін ұсынған болатын. Осылайша Яндекс Музыка қазақстандық орындаушыларға аудиториямен жақындасудың жаңа мүмкіндіктерін ұсынып, музыкалық индустрияның дамуына өз үлесін қосып келеді.

«Ирина Кайратовна» тобының бұл жобаға таңдалуы да заңдылық. Бүгінде ұжым Қазақстандағы ең танымал музыкалық топтардың бірі саналады. Олардың шығармалары Яндекс Музыка чарттарында тұрақты түрде көш бастап, миллиондаған тыңдарманның ықыласына ие болып келеді. Сондықтан жаңа альбомның дәл осы форматта таныстырылуы сервис пен елдің жетекші әртістері арасындағы серіктестіктің сәтті жалғасы болды.

Бүгінде Яндекс Музыка – жай ғана стриминг сервисі емес. Платформа миллиондаған қолданушыға жаңа музыканы ашуға мүмкіндік берумен қатар, әртістер мен тыңдармандарды жақындастыратын ерекше жобаларды жүзеге асырып, жергілікті музыкалық индустрияның дамуына қолдау көрсетіп келеді. Сонымен бірге Қазақстанда музыкалық контентті тұтынудың жаңа мәдениетін қалыптастыруға да үлес қосуда.

«XIV» альбомының ресми релизі 10 шілдеде өтті. Оның алдында Яндекс Музыка қолданушылары пресейв функциясын пайдаланып, альбом жарық көрген сәтте оның автоматты түрде жеке медиатекасына қосылуын қамтамасыз ете алды.

Listening Party – Яндекс Музыканың жаңа альбомдардың тұсаукесерін тыңдарман үшін ерекше әсерге толы мәдени оқиғаға айналдырып, қазақстандық музыкалық индустрияның дамуына серпін беріп келе жатқан бастамаларының жарқын үлгісі.

Назира БУРХАНОВА
Фото Tima Baldin