29 қазанда Алматыда «Золотое Яблоко» компаниясы Қазақстанда алғаш рет «Красиво!» / «Әдемі!» медиа-марапатын табыстады. Beauty-индустрия, сауда және тұтыну мәдениеті туралы жазатын 14 журналист пен блогерді оқырмандар мен әлеуметтік желі қолданушыларының өздері таңдады. Марапаттау рәсімі қарсаңында өткен ашық пікірталаста сарапшылар адамдардың косметика дүкендеріне не үшін баратынын талқылап, компания бьюти-нарыққа қатысты жаңа зерттеуінің нәтижелерін таныстырды.
Кімдер марапатқа ие болды?
Дауыс беру 15–25 қазан аралығында марапаттың ресми сайтында өтті. 14 марапатқа 95 үміткер қатысты. Жеті номинацияның әрқайсысында екі жеңімпаз анықталды: «Гуру» және «Сарапшы» санаттары бойынша.
Журналистер арасында Анар Кукиева (Tatler Asia), Айжан Шайкенова (Mustafin Magazine), Сания Бердиходжаева (NoFake.kz), Катерина Клеменкова (Inbusiness.kz), Гүлжан Раманқұлова (BAQ.KZ) және Саида Сулеева (Tribune) жеңімпаз атанды.
Блогерлер арасында Нұршат Ғазизова, Яна Пак, Мадина Бағдатова, Карина Күнісбекова, Жанна Нұралы және Камила Күмісқалиева марапатқа ие болды. Ал ер азаматтардың бьюти-блогтарына арналған «Бьюти-сері» номинациясында Диас Алпысбаев пен Әміржан Нармашев жеңімпаз атанды.
Сондай-ақ серіктес брендтер өздерінің арнайы номинациялары бойынша марапаттар табыстады. VIVIENNE SABÓ — «VIVIENNE SABÓ музасы», Sisley Paris — «Қазақстанда Sisley Paris брендін дамытуға қосқан үлесі үшін», FOR ME by gold apple — «FOR ME by GA махаббатпен», DARLING — «Beauty Role Model» номинацияларын ұсынды. Бұдан бөлек, «Золотое Яблоко» компаниясы «Ірі планда» арнайы марапатын табыстады. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, марапаттың толық нәтижелері 30 қазанда ресми сайтта жарияланады.
Адамдар косметика дүкендеріне не үшін барады?
Бұл сұрақ марапаттау рәсімі алдындағы ашық пікірталаста бьюти-нарық сарапшыларымен бірге талқыланды. Әңгімеге «Золотое Яблоко» компаниясының жаңа сауалнамасының нәтижелері де арқау болды.
Зерттеу көрсеткендей, дүкенге келушілердің мақсаты тек алдын ала жоспарлаған тауарын сатып алумен шектелмейді. Респонденттердің 75%-ы нақты бір өнімді алу үшін дүкенге барса, 47%-ы жаңа тауарлармен танысуға да қызығушылық танытады. Ал 30%-ы шеберлік сабақтарына, ұтыс ойындарына және басқа да іс-шараларға қатысу үшін дүкенге бірнеше рет келген. Мобильді қосымшаны пайдаланушылар арасында да осындай үрдіс байқалады: олардың 42%-ы каталогты қарап, жаңа өнімдерден шабыт алу үшін қосымшаны ашады.
«Клиенттер люкс сегментіндегі сөмкелерді немесе басқа да қымбат тауарларды сатып аларда ұзақ ойланып, шешім қабылдауға асықпайды. Ал премиум косметиканы сатып алу үшін мұндай ұзақ дайындық қажет емес. Өйткені оның бағасы салыстырмалы түрде қолжетімді, танымал брендтің тарихымен танысуға мүмкіндік береді әрі жағымды эмоция сыйлайды», — дейді L’Oréal Kazakhstan компаниясындағы Yves Saint Laurent, Prada және Miu Miu Beauty брендтерінің аға бренд-менеджері Мадина Чукмаитова.
Тұтынушылар пікірлерге сенеді, түпнұсқалыққа мән береді
Сауалнама нәтижесіне сәйкес, сатып алушылар косметикалық өнімдерді таңдағанда өзге тұтынушылардың пікіріне сүйенеді. Респонденттердің 94%-ы сатып алу туралы шешім қабылдағанда тауар жөніндегі пікірлерді ескеретінін айтқан. Оның ішінде көпшілік тек мақтау сөздерге толы пікірлерден гөрі, өнімнің артықшылықтары мен кемшіліктері қатар көрсетілген шынайы шолуларға көбірек сенеді.
Әлеуметтік желілер де сатып алу шешіміне әсер етеді. Респонденттердің 70%-ы TikTok пен Instagram желілеріндегі трендтер арқылы танысқан косметикалық өнімдерді сатып алған.
Өнімнің түпнұсқалығына да қойылатын талап күшейген. Сауалнамаға қатысқандардың 25%-ы соңғы бір-екі жылда тауардың түпнұсқалығын тексеруге бұрынғыдан да мұқият қарай бастағанын айтқан. Ал 36–55 жас аралығындағы тұтынушылардың 80%-ы дүкен таңдағанда өнімнің түпнұсқалығына деген сенімділікті басты өлшемдердің бірі ретінде қарастырады.
«Біз Қытай нарығына шыға бастағанда, брендіміздің көшірмелері жасала бастағанын байқадық. Адамдар мұндай өнімдерді қолданып көргеннен кейін олардың түпнұсқа емес екенін түсініп, контрафакт тауарға тап болғанын бізге хабарлап жатады. Ал «Золотое Яблоко» дүкендерінен түпнұсқа өнімдерді сатып алуға болады», — дейді Parfum De Vie брендінің негізін қалаушы әрі бас директоры Нұрсұлтан Мұратбеков.
Қазақстандық косметикаға сұраныс артып келеді
Сауалнамаға қатысқандардың 54%-ы қазақстандық косметиканы сатып алатынын айтқан. Бұған екі негізгі себеп бар: отандық өндірушілерді қолдау ниеті және өнім бағасының қолжетімді болуы.
Қазіргі таңда «Золотое Яблоко» компаниясының ассортиментінде қазақстандық 31 брендтің өнімі бар.
Компания туралы
«Золотое Яблоко» — халықаралық омниканалдық бьюти-ритейлер. Компания Қазақстан нарығында 2022 жылдан бері жұмыс істейді. Қазіргі уақытта елімізде бес дүкені бар: үшеуі Алматыда, біреуі Астанада және біреуі Шымкентте орналасқан. Сонымен қатар компанияның екі тарату орталығы жұмыс істейді.
Қазақстан тұрғындары тауарларды компанияның сайты мен мобильді қосымшасы арқылы елдің кез келген өңіріне жеткізуге тапсырыс бере алады. Алматы мен Астанада тапсырысты сол күні жеткізу мүмкіндігі қарастырылған.
Компания ассортиментінде әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған масс-маркеттен бастап люкс сегментіне дейінгі 1500-ден астам бренд бар. Олардың қатарында сәндік және күтім косметикасы, парфюмерия, үйге арналған тауарлар, аксессуарлар, техника және басқа да өнімдер ұсынылған. Қазақстандық брендтерден Parfum De Vie, Genome, TruNomad, Beautyproff және тағы басқалары бар.
Назира Бурханова
Фото Султан Арчаков