Алматыда BE WOMAN ASIA 2026 форумы өтті: көшбасшылық, тең мүмкіндік және этикалық жауапкершілік
15 қазанда Республика сарайында өткен BE WOMAN ASIA 2026 халықаралық форумында әйелдердің шешім қабылдауға қатысуы, білім мен кәсіптегі мүмкіндіктері, технологиялық өзгерістер және қоғам алдындағы жауапкершілік мәселелері талқыланды. Биылғы «Этикалық күш» тақырыбы қатысушыларды ықпалдың ауқымы ғана емес, оның адам мен қоғам өміріне әсері туралы ой бөлісуге шақырды.