Қазақ-Америка университетінде ядролық индустрияның даму мәселелері талқыланды
14 қазанда Қазақ-Америка университетінде (ҚАУ) ядролық индустрияның болашағына арналған халықаралық конференция өтті. Жиында атом энергетикасын дамыту, өнеркәсіпке жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізу, халықаралық әріптестікті нығайту және салаға білікті мамандар даярлау мәселелері қарастырылды.