«QAITADAN»: Алматыда апат туралы тұңғыш рет түсірілген фильмнің жабық көрсетілімі өтті
Жақында Алматыда режиссер Думан Еркімбектің толықметражды дебюттік жұмысы – «QAITADAN» фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Бұл туынды – Қазақстанда түсірілген апат туралы алғашқы көркем фильм. Фильмді Dala Cinema киностудиясы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық кино мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірген. Картина 4 қыркүйектен бастап еліміздің кинотеатрларында кең прокатқа шығады.