19 қыркүйекте Алматы облысында ұлттық food-холдинг aitas-тың 30 жылдығына орай ұйымдастырылған заманауи номадтар фестивальдерінің сериясы - nomad álemi аяқталды. Үш апта ішінде фестиваль Қазақстанның үш өңірінде өтті: 5 қыркүйекте Ақмола облысының Макинск қаласында, 12 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының Қасым Қайсенов ауылында және 19 қыркүйекте Алматы облысында.
Музыка, заманауи өнер, тарих, гастрономия, ұлттық ойындар, білім беру бағдарламасы мен бүкіл отбасыға арналған түрлі белсенділіктерді біріктірген фестивальге 17 мыңнан астам адам қонақ болды.
nomad álemi жобасының негізінде көшпенділердің дүниетанымына заманауи көзқарас жатыр. Бұл - мұраның бүгінгі күні де шабыт беріп, өмір сүріп келе жатқаны туралы әңгіме: өнер мен музыкада, жерге және еңбекке деген қарым-қатынаста, қонақжайлықта, жаңалыққа ашық болуда және өз бағдарын сақтай отырып, алға жылжу қабілетінде көрініс табатын құндылықтар туралы.
Фестиваль аумағы тақырыптық кеңістіктерге бөлінді: Білім, Болашақ, Дастархан, Өнер, Ойын, Рух және Шаңырақ. Олардың әрқайсысы көшпенділердің мәдени кодын заманауи тұрғыдан танытатын өзіндік қырларын ашты.
Әркім жүріп өтетін жол
Фестивальдің ерекше бөліктерінің бірі - «Мүшел жолы» иммерсивті кеңістігі. Бұл адамның өмір жолын мүшел жас ұғымы арқылы авторлық тұрғыда пайымдайтын жоба.
Театрландырылған саяхат форматында қонақтар өмірдің әртүрлі кезеңдерінен өтті - есейу, өзгерістер, таңдау және бір өмірлік циклден екіншісіне өту. Әр адам бұл жолды өз өмірінің сапарындай қабылдап, ата-баба даналығына жүгініп, оқиғалар арқылы жеке тәжірибесін жаңаша пайымдады.
Кеңістіктің негізінде адам өмірінің циклдік сипаты және ұрпақтан ұрпаққа берілетін білім туралы түсінік жатыр. Бейнелер, әрекет пен атмосфера арқылы «Мүшел жолы» дәстүр туралы жай ғана біліп қана қоймай, оны сезініп, өзіне жақын мағыналарды табуға мүмкіндік берді.
Осылайша фестивальдегі жол философиясы әр адамның жеке тарихына айналды.
Көшпенділер тарихынан болашақ туралы әңгімеге дейін
Фестивальдің негізгі алаңдарының бірі - Білім кеңістігі. Мұнда күні бойы дәрістер, пікірталастар және зерттеушілермен, бизнес пен креативті индустрия өкілдерімен кездесулер өтті.
Әңгіме фестивальдің басты сұрағынан басталды: заманауи номад деген кім? Ол қандай?
Білім кеңістігі заманауи көшпенділік туралы мазмұнды әрі қызықты пікір алмасудың орталығына айналды.
Бағыттың әртүрлі нүктелерінде бұл әңгімеге тарихшылар, мәдениеттанушылар, археологтар, этнографтар, суретшілер, журналистер және креативті индустрия өкілдері қосылды.
Білім беру бағдарламасына медиевист-тарихшы Айболат Кушкумбаев, түркітанушы Ерлан Еспенбетов, жазушы әрі мифология зерттеушісі Зира Наурызбай, журналист әрі зерттеуші Юрий Дорохов, петроглифтерді зерттеуші және археолог Ольга Гумирова, деректі фильм режиссері Әлия Әшім, нутрициолог Сабина Мұқан, суретшілер Айжан Абдубаитова, Дәурен Тасбулатов, Мансур Смағамбетов, Ардақ Мұқанова, Анвар Мусрепов, мультиаспапшы Серали Мухамедсадыков, сондай-ақ басқа да зерттеушілер мен мәдениет өкілдері қатысты. Қатысушылар көшпенділердің мәдени коды, Ұлы даланың мифологиясы, сөздің күші, дәстүрлі қолөнер мен музыка, ұлттық тағамдар туралы, сондай-ақ мұраның тек өткеннің бір бөлігі ғана емес, қазіргі қоғам үшін де ресурс бола алатыны жайында сөз қозғады.
Бағдарламаның жеке бір бағыты aitas-тың өз жолына арналды. Холдинг өкілдері бизнестің трансформациясы, әлеуметтік және білім беру жобалары, қатысу аймақтарын дамыту және олардың ұзақ мерзімді өзгерістердегі рөлі туралы айтып берді.

Фестивальден кейін де ізі өшпейтін өнер
Өнер кеңістігі өнерді, қолөнерді және таныс мәдени образдарды жаңа қырынан біріктірді.
Фестиваль бағыты аясында қазақстандық заманауи суретшілер мен дизайнерлер өз жобаларын таныстырды. Авторлар әртүрлі көркемдік тіл арқылы мәдени мұра, дала және заманауи номадтың болмысы тақырыптарына жүгінді.
Мұнда арт-шеберханалар жұмыс істеп, перформанстар мен практикалық шеберлік сабақтары өтті. Қонақтар шығармашылық үдерісті сырттай бақылап қана қоймай, оның бір бөлігіне айналды: әшекейлер мен аксессуарлар жасап, этникалық мотивтермен жұмыс істеп, дәстүрлі және заманауи техникалармен танысты.
Фестивальдердің басты оқиғаларының бірі nomad álemi-нің ортақ жолын бейнелейтін визуалды символдар болды. Олар - Макинск қаласындағы ағаштан жасалған Бұлан, Қасым Қайсенов ауылындағы полигоналды Марал және Алматы облысындағы Тазы арт-нысандары.
Нысандардың негізгі құрылымын Астана қаласынан келген суретшілер тобы дайындады, ал соңғы бөлігін фестиваль қонақтары толықтырды: олар күні бойы жиналған пластик қақпақтарды конструкцияға қосып отырды. Арт-нысандар жүздеген адамның бірлескен еңбегінің нәтижесіне айналып, қарапайым бір ойды еске салды: үлкен өзгерістер әр адамның қосқан үлесінен құралады.
Даланың дәмі және бірлік мәдениеті
Фестивальдің ең көп қонақ жиналған кеңістіктерінің бірі Дастархан болды. Мұнда гастрономия номадтар мәдениетімен танысудың тағы бір тәсіліне айналды. Дәстүрлі тағамдар мәдени жадтың бір бөлігі және адамдар арасындағы байланыстың бір элементі ретінде қарастырылды.
«Қазақы ас: Дәстүр мен дәм» кітабының авторы, ғалым-этнограф Айгерім Мусағажинова номадтар асханасы, тағамдар мен өнімдердің тарихы және олардың заманауи гастрономиядағы орны туралы дәріс оқып, шеберлік сабағын өткізді.
Қонақтар көшпенділердің ұмыт қалған және көпшілік біле бермейтін тағамдарын танып, дәстүрлі дәмдер мен рецептердің бүгінгі күні қалай жаңаша сипат алып отырғанын білді. Күні бойы гастрономиялық бағдарлама аспаздық шеберлік сабақтарымен толықты.
Бағдарламаның ерекше бөліктерінің бірі «Дастархан - Көрісу» әлеуметтік перформансы болды. Ортақ дастархан басында бір-бірін танымайтын адамдар танысып, әңгімелесіп, дала мәдениетінде дастарханның әрдайым жай ғана тамақтанатын орыннан әлдеқайда кең мағынаға ие болғанын талқылады. Ол - адамдар кездесетін, ашық сөйлесетін және бір-бірімен байланыс орнататын кеңістік.
Ұлттық ойындар және жалғасқан дәстүр
Ойын кеңістігінде мәдениетті сырттай тамашалап қана қоймай, оған тікелей қатысуға мүмкіндік болды.
Қонақтар арқан тарту мен асық атудан жарысып, садақ атты және басқа да дәстүрлі ойындармен танысты.
Бағдарламаның бір бөлігі тазы, бүркіт, түйе және жылқымен интерактивтерге арналды. Бұл жануарлар ғасырлар бойы даладағы тіршіліктің ажырамас бөлігі болды.
Театрландырылған қойылымдар дәстүрді музейдегі реконструкция ретінде емес, адамдарды әлі де шабыттандырып, біріктіріп келе жатқан тірі мәдениет ретінде көруге мүмкіндік берді.
Балалардың көзімен болашақ
Болашақ кеңістігі балалар мен болашаққа арналды.
Жас қонақтар өздерінің болашақ ауылын құрып, ғылыми шоуларға, шығармашылық және музыкалық шеберлік сабақтарына, интерактивті және театрландырылған қойылымдарға, ұлттық ойындарға және «Алға дэнс» Silent Disco-сына қатысты.
Мамандықтар қаласында балалар агроном, инженер, зертхана маманы, технолог және ветеринар рөлдерін байқап көрді. Бұл - өндірістің, ауылдық аумақтардың және елдің азық-түлік саласының дамуына ықпал ететін мамандықтар.
Жаңа даланың музыкасы
Рух басты сахнасы фестивальдің барлық кезеңінде этникалық әуен мен заманауи музыканы тоғыстырды.
nomad álemi музыкалық бағдарламасына Yenlik, Urker, Arshat, Арқайым, Тенгри, «Алатау серілері», Steppe Sons, Dudeontheguitar және басқа да өнерпаздар мен ұжымдар қатысты.
Ұлттық аспаптар, заманауи музыка және сахнадағы бірлескен қойылымдар мәдени мұраның өзіндік болмысын сақтай отырып, әр буынға түсінікті әрі өзекті түрде жаңғыра алатынын көрсетті.
Жанды әуен қонақтарды баурап, өзіне тартты. Музыканы жұрт жай ғана тыңдап қоймай, оны сезінді. Әуен мен аспаптардың үні кеңістікті толтырып, адамдарды сахна маңына жинап, музыка баршаға ортақ әсерге айналатын ерекше атмосфера қалыптастырды.
Бағдарлама этно-дефилемен, аспаптық-хореографиялық қойылымдармен, ұлттық аспаптар бойынша таныстырылым шеберлік сабақтарымен және DJ-сеттермен толықты.
aitas жолы: дәннен отбасылық дастарханға дейін
nomad álemi фестивалінің әр нүктесі aitas үшін ерекше мәнге ие болды.
Макинск қаласы холдингтің ең ірі кәсіпорындарының бірі - Макинск құс фабрикасымен байланысты. Қасым Қайсенов ауылында Қазақстандағы ең көне құс фабрикасы саналатын және биыл 50 жылдығын атап өтетін Өскемен құс фабрикасы орналасқан.
Алматы облысындағы финалдық нүктеде холдингтің жаңа құс фабрикасы салынып жатыр. Бұл заманауи номад туралы әңгімені корпоративтік шеңберден шығарып, фестиваль көшін ауқымды мерекемен аяқтауға мүмкіндік берді.
Барлық іс-шарада aitas қонақтарға өзінің философиясын таныстырып, компанияның артында тұрған жобалар мен адамдар туралы айтып берді. aitas киіз үйінде қонақтар дәннен дайын өнімге дейінгі интерактивті жолдан өтіп, өнімнің жасалу кезеңдерімен және холдингтің даму тарихымен танысты.
Фестивальдің басты оқиғаларының бірі aitas-тың жаңа дәмдерін дегустациялау болды. Қонақтар дүкен сөрелеріне шықпай тұрып-ақ жаңа өнімдердің дәмін алғашқылардың бірі болып көрді. Жалпы бұл гастрономиялық саяхатқа 8 мыңнан астам қонақ қатысты.
Осылайша заманауи көшпенділердің алғашқы nomad álemi фестивалі aitas үшін қызметкерлерді, олардың отбасыларын және компанияны ортақ тарих пен ортақ болашақ байланыстыратын өңір тұрғындарын бір алаңда біріктіруге мүмкіндік берді.
Холдинг nomad álemi фестивалін жыл сайын өткізуді жоспарлап отыр.
Анықтама:
aitas холдингі - өсімдік шаруашылығы, құс етін өндіру және өңдеу, сондай-ақ дистрибуция салаларындағы 20-дан астам компанияны біріктіретін food-холдинг. Холдинг өзінің мақсатын Қазақстан халқына қызмет ету деп айқындайды, ал миссиясы - елдің тұрақты дамуына үлес қосу. Бұл бизнес бағыттары мен әлеуметтік қызметтің қатар дамуы арқылы жүзеге асырылады. Компания өзі жұмыс істейтін өңірлердің дамуына белсенді инвестиция салып, білім беру бастамаларын қолдайды және сала мен қоғамда ұзақ мерзімді оң өзгерістер қалыптастыруға бағытталған жобаларды жүзеге асырады.
Назира Бурханова