«Қайраттың» еурокубоктегі матчтары эксклюзивті түрде тек Freedom SuperApp қосымшасында көрсетіледі
Freedom SuperApp қосымшасындағы Freedom Кино мен ТВ онлайн-кинотеатры «Қайрат» футбол клубының УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі матчтарын көрсетудің эксклюзивті құқығына ие болды. Жаңа еурокубок маусымының шымылдығын 1-ші іріктеу кезеңіндегі Черногорияның «Сутьеска» клубына қарсы кездесу ашады. Матч 8 шілде күні сағат 20:00-де Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.