2025 жылғы 20 ақпан күні, сағат 19:00-де Жамбыл атындағы филармонияның Н.Тілендиев атындағы Камералық залында өтетін филармонияның дәстүрлі солистерінің қатысуымен «Әнге әуес, күйге құмар» атты концерттік бағдарлама өтеді.

Концерттің бағдарламасы қазақтың классикалық музыкалық мұрасына толы. Кеште филармонияның дәстүрлі солистері, Мәдениет қайраткері Ержан Әлімбетов, Мәдениет саласының үздігі Мақпал Қазыбекқызы және халықаралық байқаулардың лауреаттары Біржан Бәзілжан мен Жанқожа Аяпов өнер көрсетеді.

Концертте орындалатын шығармалар арасында ұлттық өнердің маржандары:

  • Құрманғазы – «Балқаймақ»
  • Майраның әні  - «Майра»
  • М.Мерәліұлы – «Үлкен айдай»
  • Абай - «Сегіз аяқ»
  • Жамбыл - «Өтті-ау дәурен»
  • Халық әні – «Арман-ай»
  • Ғ.Құрманғалиев  - «Сүйген жар»
  • Біржан сал – «Ләйлім шырақ»
  • Сүгір - «Бозінген»
  • Халық әні – «Қоғалай»
  • Ғ. Құрманғалиев – «Әнші дауысы»
  • Жаяу Мұса – «Көгаршын»
  • Қазанғап - «Жем суының тасқыны»
  • Халқ әні – «Секіртпе»
  • Халық әні – «Ақсұңқар»
  • Үкілі Ыбырай – «Қызыл асық»
  • Дина – «Домалатпай»
  • Е.Үсенов – «Меруерт-моншақ»
  • Халық әні - «Нұржамал»
  • С.Сейфуллин – «Тау ішінде»

Концертті тыңдай отырып, халықтың музыкалық мұрасына деген сүйіспеншіліктеріңіз артып, көкейіңізде ерекше сезімдер қалатыны сөзсіз. Бұл кеш – қазақ музыкасының ұлы тұлғалары мен олардың мәңгілік шығармаларына арналған әсерлі концерт болары анық. Барлық өнер сүйер қауымды осы ерекше кешке шақырамыз!