Мемлекеттік басқару мен цифрлық платформаның тиімді интеграциясын қамтамасыз ету үшін үкімет цифрлық офицерлер институтын (CDO) құрды.

Олардың негізгі мақсаты – енгізіліп жатқан инновацияларды бақылау, жаңа цифрлық шешімдерді іздеу және оларды бейімдеу, технологиялық құзырет орталықтары мен инновациялық экожүйелерді құру және процестерді оңтайландыру үшін отандық IT-стартаптарды тарту.

CDO институты цифрлық трансформация жасап, цифрландыру стратегиясын әрбір мемлекеттік органда жүзеге асыру үшін қажет. Қазір мемлекет үшін деректерді басқару мәселесі аса өзекті мәселеге айналып отыр және CDO ролі әрбір сала бөлігінде деректердің ашықтығын, қолжетімділігін, сенімділігін, көп рет пайдалануға жарамдылығын, жеткілікті екенін, салыстырмалы екенін және интероперабельдігін қамтамасыз ету болып саналады.

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі кеңесшісі Әсел Молдабекова

Мемлекеттік жүйенің құрылымдық құрамдас бөліктерінің цифрлық трансформациясы халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру үшін тұрақты дайындық пен біліктілікті арттыруды талап етеді. АКТ пайдалана отырып, мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі тиімді реформалау үшін цифрландыру саласындағы жаңа технологияларды үйрену және талдау бойынша оқыту іс-шаралары жүйелі түрде өткізіліп тұрады.

Оның ішінде «Зерде» ақпараттық-коммуникациялық холдингі, Huawei Technologies Kazakhstan және Түркістан қаласындағы IDC қолдауымен Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұйымдастырған «Мемлекеттің цифрлық платформаларға көшуі» семинарын айтып өтуге болады.

Семинардың негізгі тақырыптарының бірі мемлекеттік басқару және жоспарлау процестерін оңтайландыруға мүмкіндік беретін мемлекеттік қызмет көрсету платформалары, шешім қабылдау цифрлық жүйелері және оларды іске асыру тетіктері сияқты цифрлық технологиялар болды. Шарада Huawei компаниясы IT-ресурстарды икемді және тиімді орталықтандырылған басқаруға, бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуге және үлкен деректерді сақтауға бағытталған инфрақұрылымды дамытуға цифрлық құралдарды біріктіруге арналған технологиялар мен шешімдер ұсынды.

Huawei компаниясының Қазақстандағы қызметі бүгінгі таңда кең ауқымды салаларды қамтиды. Біз сапасы жоғары АКТ қызметтерін ұсынамыз, кең жолақты жалпы және қол жеткізуге болатын желі құруға көмектесеміз, қызмет көрсету саласындағы әртүрлі инновацияны ынталандыруға және тұтастай алғанда АКТ саласының дамуына көмектесеміз.

Дүниежүзілік банк жүргізген GovTech Maturity Index зерттеуі Қазақстанды цифрлық мемлекеттік технологияларды дамытуға талпынысы жоғары елдердің төрт тобының екіншісіне қосты. Мемлекеттік басқаруды цифрландыру – ең жас салалардың бірі.

Цифрлық үкіметті қалыптастырудағы негізгі кедергілердің бірі – ІТ, Заттар интернеті, жасанды интеллект, ауқымды деректер және т.б. салаларда дағдысы бар білікті мамандардың жетіспеуі. Халықаралық тәжірибені сәтті бейімдеу, ынтымақтастықтың инновациялық түрлерін пайдалану, әлемдік АКТ стандарттарына сай келетін зерттеулер – осының бәрі бірін-бірі толықтыра отырып, қазақстандық ІТ құрылымының жергілікті және жаһандық кеңістікте бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін тиімді құрал.