Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Бақытжан Сағынтаев азаматтарды қабылдау өткізді.

Қала тұрғындары абаттандыру, жол инфрақұрылымын дамыту және аулаларды жөндеу мәселелері бойынша жүгінді. Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша Бостандық ауданындағы ауланың сыртқы жарығының мәселесі шешіледі. Келесі жылға ойын алаңы жасау әрі күрделі жөндеу қарастырылған.

Сондай-ақ, Наурызбай ауданындағы жекеменшік білім беру мекемесін электрмен үздіксіз қамтамасыз ету және Медеу ауданында жолдарды жөндеу мәселесі шешілетін болады.

Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша арбада отырған мүгедек спортшылар Таразда өтетін бодибилдингтен ұлттық чемпионатқа қатыса алады.

Алматы метрополитенінің ардагері О. Смағұловтың метроның іске қосылуының 10 жылдығы құрметіне мұражай ашу жөніндегі ұсынысы қолдау тапты.