Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев хабарлады.

«Таза су мәселесі бүгінде Алматының барлық аудандарының тұрғындары үшін өте маңызды. Медеу ауданында сумен жабдықтау желілерін жаңғырту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Жаңа желілердің құрылысы – бұл ең алдымен адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жұмыс», - деді Ә. Масабаев.

Медеу ауданының инфрақұрылымы кешенді түрде дамитын болады. Шет аймақтардың тұрғындары барлық коммуналдық қызметтермен қамтамасыз етіледі: су, газ және электр.

Осылайша, Думан шағын ауданында 19 км сумен жабдықтау және 25,5 км су бұру желілерін төсеу бойынша жұмыстар аяқталды. Бүгінде 1505 үй сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қосылды. Барлығы 1586 үй қосылады.

Көлсай шағын ауданында 15 шақырымнан астам инженерлік желілер тартылды, 68 үй суға қосылды, барлығы 315 үйді сумен қамтамасыз ету жоспарланған. Мұзтау шағын ауданында жалпы ұзындығы 16,7 км сумен жабдықтау және су бұрудың инженерлік желілерін төсеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Коммуналдық қызметкерлер жоспарында 267 үй бар.

Әсет Мұсабаев Каменское плато шағын ауданында инженерлік желілер жүргізіле бастағанын, мұнда жалпы сомасы 300 млн теңгеге резервуар салу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады. Ұзындығы 15,5 км желілерді салу жоспарлануда, іске асыру мерзімі – 2022 жыл.

Алдағы жылы С. Нұрмағамбетов, Р. Бағланова, Т. Бигелдинов, Маңғыстау, Радлов, Трофимов, Сахариев, Хмелев, Топорков, Максимов, Домбыра, Бастыр, Орманов, Базарбаев көшелерінде су бұру желілерінің құрылысына ЖСҚ әзірлеу жоспарлануда. Сондай-ақ, жергілікті органдар Иштван Қоңыр, Таиров, Кәрімбаев-1 және Кәрімбаев-2 көшелерінде тұратын Думан шағын ауданының (81 үй) тұрғындарын суға қосуды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, Керей-Жәнібек хандар көшесіндегі №44 бастауға көтерілетін НС-1 (сорғы станциясы) жерасты көздерімен су тарту имаратының құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ, Тәтібеков көшесінің бойында параллель көшелерді қоса отырып, кәріз желілерін салу бойынша ЖСҚ әзірлеу жоспарлануда.

Сөзінің соңында Медеу ауданының әкімі Кеңсай, Сұлусай және 4 бірлестік шағын аудандарында 1023 үйдің газға қосылғанын хабарлады.