ҚР ҰҚК жаппай тәртіпсіздіктер мен терроризм актілеріне қатысушыларды іздестіру және ұстау, сондай-ақ жасалған қылмыстардың мән-жайларын анықтау бойынша іс-шараларды жалғастыруда.

Алматы қаласының аумағында екі экстремистік ұйымдар бейтараптандырылды, олардың мүшелері 2022 жылғы 4-8 қаңтар аралығында жаппай тәртіпсіздіктерге белсенді қатысты.

Бүгін арнайы қызметтер шетелдік экстремистік орталықтарда оқытудан өткен ұяшықтардың бірінің 4 мүшесін ұстады. Ұсталғандар құқыққа қарсы жаппай акциялар жасады, тыйым салынған экстремистік ұйымға басшылық жасады және оған қатысты болды және экстремистік әрекетке азғырылды деп күдіктенеді.

Тінту кезінде олардың тұратын жерлерінен атыс қаруы, травматикалық және жарық-шу гранаталары, патрондар, діни әдебиеттер және өзге де заттай дәлелдемелер табылып, тәркіленді.

Басқа топтың жетекшісі, шетелдік азамат жаппай тәртіпсіздіктерге белсенді қатысып, шетелдік террористік топтармен байланыста болды.

Тергеу нұсқасы бойынша, ол билік органдары мен күштік құрылымдарға жаппай заңсыз акциялар мен шабуылдарды дайындау үшін Қазақстанға мақсатты түрде келді. Оның сыбайластарын іздестіру ұйымдастырылды.

Өзге ақпарат тергеу талабына қатысты жария етуге жатпайды. Жедел және тергеу шаралары жалғасуда.

Сонымен қатар, кейбір БАҚ пен әлеуметтік желілерде Алматы қаласы бойынша ҰҚКД-дан қаруды, оқ-дәрілерді және өзге де мүлікті ұрлау туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

Департамент террористік қауіптің «қызыл» деңгейінің талаптарына сәйкес күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Алматы қаласы бойынша ҰҚКД терроризмге қарсы күрес жөніндегі Алматы қалалық жедел штабы