Екіжақты кездесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Америкалық тараптың бастамасымен өткен кездесуде АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Кэролайн Саваж қаланың инвестициялық тартымды болып қалатынын атап өтті.
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өз кезегінде сауда-экономикалық салада екіжақты қатынастарды дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін айтты.
Алматыда 130 бірлескен және 401 американдық кәсіпорын тіркелген. Жалпы, 2021 жылдың 11 айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 25%-ға артты.