Жыл сайын Алматының өрт сөндірушілері жылыту құралдары мен пештерін тексеру және қала тұрғындарын оларды дұрыс пайдалануға үйрету үшін рейдтерге шығады. Өткен жылыту маусымында құтқарушылар 148 346 жеке үйді есепке қойды, оның 1500-ге жуығы қатты отынмен жылытылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы ТЖД басшысының міндетін уақытша атқарушы Самат Асаинов мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, жылыту маусымы кезінде өрттің себебі, әдетте, ақаулы электр жылыту құралдарын қолдану және өрт қауіпсіздігі ережелеріне немқұрайлы қарау болып табылады.

Көптеген үйлердегі пеш құбырлары мен пештердің жағдайы алаңдатарлықтай, сондықтан ТЖД өкілдері жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен бірлесіп, әр жылыту маусымы қарсаңында аралау жұмыстарын жүргізеді, нұсқаулықтар өткізеді, пештер жөндеуді, улы газ сигнализаторларын орнатуды қажет ететін үйлерді анықтайды. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың арқасында тұрғын үй секторындағы өрттер саны 22%-ға азайды.

Самат Асаиновтың айтуынша, кезең-кезеңмен тексеру барысында өрт сөндірушілер 148 346 жеке тұрғын үйді есепке қойған, олардың шамамен бір жарым мыңы отынмен және көмірмен жылытылады.

Өткен жылдың шілде айында құтқарушылар әлеуметтік жағынан осал 1326 отбасы мен асоциалды өмір салтын ұстанатын есептегі 1876 отбасын бөлек топтарға бөлді. Тексеру нәтижесінде 325 үй қанағаттанарлықсыз деп танылды.

«Тұрғын үй массиві және «Көмек қолы» акциясы аясындағы аралау барысында құтқарушылар, әкімдік қызметкерлері мен еріктілер осындай отбасыларға пештердің мұржаларын тазалауға, жырықтарды бітеуге, түтін арналары өтетін жерлердегі қабырғаларды ақтауға көмек көрсетті, сондай-ақ 66 улы газ датчиктерін орнатты. Олармен барлығы 1326 жеке тұрғын үй жабдықталған», - деді С. Асаинов.

Спикер жылыту маусымының аяқталуына қарамастан, өрт сөндірушілер жеке секторды аралап, өрт қауіпсіздігі туралы жадынамалар таратып, тұрмыстық газды пайдалану ережелері туралы айтатындарын атап өтті.

Ескерту жұмыстарына қарамастан, алматылықтар құтқарушылардың өтініштерін елемей келеді: бұзылған пештерді салуды жалғастыруда, қолдан жасалған аспаптарды қосады, уақытша электр сымдарын пайдаланды. Аулаларды аралау кезінде 8 мыңнан астам өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу анықталды. Ақаулар түзелмесе әкімшілік жазалау шаралары қабылданады.

Самат Асаиновтың айтуынша, 2021-2022 жж. жылыту маусымында Алматыда тұрғын үй секторында 234 өрт болып, 12 адам қаза тапты, тағы 20 адам жарақат алды. Ағымдағы жылы 37 адам табиғи газбен уланған, оның ішінде 25 бала.

234 өрттің 58-і жеке тұрғын үйлерде, 47-сі көп пәтерлі тұрғын үйлерде, 95-і аула құрылыстарында, 29-ы уақытша үйлерде және 5-і саяжайларда болды.

"Өрттердің пайда болуының негізгі себептері электр жабдықтарының ақаулығы, отты абайсыз пайдалану, пештерді орнату және пайдалану ережелерінің бұзылуы болып табылады. Өрттің туындауына тұрғын үй қорының, әсіресе энергиямен қамтамасыз ету жүйесінің табиғи техникалық тозуы ықпал етеді", - деп толықтырды С. Асаинов.

Алматы қаласы ТЖД басшысының міндетін уақытша атқарушы көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындарымен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Демалыс күндері өрт сөндірушілер ең көп өрт тіркелген учаскелер бойынша айналып өтіп, дауыс зорайтқыштың көмегімен өрттің алдын алу туралы айтып, жадынамалар таратады.