«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және 2022 жылғы 5 маусымға белгіленген республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес қалада 1 қалалық, 8 аудандық және 574 учаскелік референдум комиссиясы жұмыс жасауда.
Қала бойынша комиссия мүшелерінің жалпы саны 5 000 адамды құрайды (оның ішінде аумақтық – 62, учаскелік – 4938).
20 мамырдан бастап учаскелік референдум комиссиялары халықпен жұмыс істей бастады.
Референдумдағы өз учаскеңіздің нөмірін білу үшін бірыңғай Саll орталығына +7(727) 3384545 телефоны бойынша хабарласып, сол жерден өз сайтыңыздың нөмірі мен мекенжайды білуге болады.
Call-орталық күн сайын үзіліссіз және демалыс күндері дауыс беретін күннің соңына дейін сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін қоңырауларды қабылдайды.
Дауыс беруге арналған учаске туралы ақпарат алу жөніндегі функционал open-almaty.kz сайтында және @ReferendumAlmaty2022Bot Telegram-боты арқылы қолжетімді. Өзіңізді тізімдерден табу және мәлімет алу үшін ЖСН нөмірін енгізу қажет.
Учаскелік референдум комиссиялары шақыру қағаздарын тарату және ақпараттық плакаттарды орналастыру үшін пәтерлерді және аулаларды аралап шығуды ұйымдастырады. Сондай-ақ, референдумның өз учаскесінде өзіңізді тізімдерден тексеруге және ҚР Конституциясына ұсынылатын түзетулерге қатысты ақпарат алуға болады.
Азаматты референдум учаскесінің аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркеу азаматты референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізіміне енгізу үшін негіз болып табылады.
Бүгінде тізімдер жасалды, ағымдағы жылдың 20 мамырдағы жағдай бойынша олардың Алматы қаласындағы саны 1 млн жүз мыңнан астам адамды құрайды.