Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Алтынай Төлеутаева хабарлады.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша қала тұрғындарының бастамасымен Алматыда жалпы құны 5,4 млрд.теңге болатын 256 жоба іске асырылып, пайдалануға берілді.
"Әрбір іске асырылған жоба өзінше бірегей, қалалықтардан ең жақсы пікірлеріне ие болған жобалар бар. Мысалы, Алатау ауданының Шаңырақ-2 және Томирис шағын аудандарындағы балалар мен спорт алаңдары көпшіліктің көңілінен шықты ", - деді брифингте Алматы қаласы қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Алтынай Төлеутаева.
Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап Алматыда "Халықтың бюджетке қатысуы" аясында жобалық ұсыныстарды қабылдау басталды, оларды іске асыру 2023 жылға жоспарланып отыр. Өтінім беру мерзімі budget.open-almaty.kz сайты арқылы 20 шілдеге дейін.