Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары Жаңабай Ағманов мәлімдеді.
Спикер Алматы қаласы Әділет департаментінің 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік сот орындаушылары желісі бойынша атқарған жұмыстары туралы баяндады.
Есепті кезеңде мемлекеттік сот орындаушыларының (МСО) іс жүргізуінде жалпы сомасы 163 304 689 470 теңгеге 2154 атқарушылық құжат орындалды. Сот актілерінің жалпы санынан 1158 немесе 54% аяқталды. Алимент өндіру бойынша 29 іс орындалып, 6 іс аяқталды.
«Біздің департаменттің қызметкерлерімен борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде. Бірінші жартыжылдықта 68 борышкер жауапкершілікке тартылды. Жалпы 18-ден әкімшілік қамауға алынды. Алименттік өндіріс бойынша 36 борышкер тартылды. Борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша қабылданған шаралардан кейін борышкерлердің өз міндеттемелерін орындауын 41%-ға ұлғайту байқалады», - деп хабарлады Алматы қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары Жаңабай Ағманов.
Сонымен қатар, алимент бойынша 6 борышкер сот актілерін орындамағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сотталғандар ұзақ уақыт бойы кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алимент төлеу жөніндегі міндеттерді орындамаған. Екі алматылыққа қатысты үкім шығарылып, төрт іс бойынша ақталмайтын негіздер бойынша қысқартылды.
«Борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту аталған ықпал ету шарасы тиімді екенін көрсетті. Нәтижесінде борышкерлер 85 млн теңгеден астам сомаға берешек төледі», - деді спикер.
Алматы қаласының Әділет департаментінде проблемалық алимент бойынша барлығы 1776 іс бар. Проблемалық алименттердің санын азайту мақсатында Әділет департаменті жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен, полицейлермен және халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту, сондай-ақ борышкерлерді жұмысқа орналастыру бойынша ЖСО-ның меморандумы мен іс-қимыл алгоритміне қол қойды. 2022 жылдың басынан бастап 57 борышкер жұмыс таба алды.