Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Мұрат Мұхамедьяров мәлім етті.

Ведомство өкілі олардың департаменті екі бағытта жұмыс істейтінін айтты: медициналық қызмет көрсету сапасын бақылау және сала айналысындағы дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы өнімдердің сапасын бақылау.

Брифинг барысында Мұрат Мұхамедьяров фармацевтика қызметіндегі лицензиялау туралы айтты.

«Бұл қызметке денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық және прекурсорлардың айналымына қатысты өтініштер де кіреді. Біз тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың импорты мен экспортын үйлестіреміз, жақсы фармацевтикалық тәжірибені енгізуге қатысамыз. Бұл тексеріс, біз де жоспардан тыс тексерулермен, профилактикалық бақылаумен айналысамыз», - деді департамент басшысының орынбасары.

Бұл жұмыстағы бағыттардың бірі – фармацевтикалық қызметке лицензия беру.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 наурыздағы No 96 қаулысымен Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялау тәртібіне өзгерітер енгізілгенін айта кеткен жөн.
Бұған дейін қалыптасқандай, медициналық қызмет көрсетуді бақылау және дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналысында мемлекеттік орган департаментінің аумақтық бөлімшелері медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын лицензиар болып қалды. Бұл ретте ҚР ДСМ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы комитетінің аумақтық бөлімшелерін үйлестіру тек эпидемиологиялық маңызы жоғары нысандар үшін талап етілді. Енді бұл барлық эпидемиялық маңызы бар нысандарға лицензия беру кезінде талап етіледі.

Журналистер сұрағына жауап берген Мұрат Мұхамедьяров бұл лицензиядан қандай жағдайда айырылып қалу мүмкін екендігіне тоқталды.

«Лицензияны қайтарып алу туралы шешімді сот шығарады. Лицензия ажырағысыз, ол мерзімсіз. Оны айырудың себебі қажетті орынның болмауы, біліктілік талаптарының болмауы болуы мүмкін, бұл мамандардың фармацевтикалық білімі болмаған жағдайда кездеседі. Ондай жағдайда біз хаттамалық акт жасап, лицензияның қолданылуын тоқтата тұру және одан әрі қайтарып алу үшін әділет органдарына жібереміз», - деп түсіндірді спикер.

Оның айтуынша, жиі кездесетін заңбұзушылықтардың бірі – дәріхана ұйымдары мен медициналық ұйымдардың жағдайында дәрілік заттарды сақтау тәртібін бұзу, сондай-ақ дәрілік заттарды рецептсіз беру. Басқа бұзушылықтар болып жатады, бірақ өте сирек.

Мысалы, биыл Қазақстан аумағында тіркелмеген дәрілік препараттарды сатудың екң фактісі тіркелді.

Әрі қарай Мұрат Мұхамедьяров дәріханаларға қойылатын талаптарға тоқталды. Егер дәріхананы жеке кәсіпкер ашса, онда жеке тұлғаның жоғары фармацевтикалық білімі болуы, үй-жайдың ауданына қойылатын талаптарды сақтау (дәріхана үшін ол кемінде 30 шаршы метр), қажетті құрал-жабдық болуы керек. Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментінің сайтында дәріхана ұйымдарының қызметіне қатысты барлық нормативтік-құқықтық актілермен танысуға болады. Сондай-ақ Абылайхан көшесі, 63 мекен-жайы бойынша да жүгінуге болады.

«Бүгінгі таңда бізде 1353 дәріхана ұйымы, 341 дистрибьютордың көтерме қоймасы және 32 өндірістік нысан (оның ішінде 16-сы дәрі-дәрмек шығарумен айналысады) деректер базасынан өтеді», - деді ӨКҚ спикері.

Журналистердің сұрақтарына жауап берген ведомство өкілі өтініште көрсетілген нақты дәріханаға лицензияның бар-жоғын, мәліметтерді көрсету мүмкіндігін қарастыру туралы өтінішпен Новосибирск қаласындағы 2GIS әзірлеушілеріне жүгінгендерін айтты. бастың. Алайда 2GIS-тен әлі жауап келмеген.