Алматы қаласының құтқарушылары Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз конференциясын өткізді. Оның барысында жылыту маусымымен бірге өрт қаупі туындайтын жағдайлар туралы айтты. Өрт санының азайғанына қарамастан, биыл газ құрылғыларын тұрмыста пайдалану кезінде 4 қайғылы (жазатайым) оқиға тіркелгені белгілі.

ТЖД мәліметі бойынша, табиғи газдан 5 адам уланған (оның ішінде 3 бала), тағы бес адамды әртүрлі дәрежедегі күйік шалған.
ӨКҚ брифингінде олар биылғы жылдың 2 қазанында Медеу ауданында жеке тұрғын үйлердің бірінде (оның жертөлесінде) үй ішіндегі мұржа ақауының салдарынан (мұржа бөлшектелген күйде) бес адам табиғи газдан уланған, оның екеуі 2019 және 2022 жылы туылған балалар. Абырой болғанда, ауруханада медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар үйлеріне шығарылды.

Осыған ұқсас тағы бір оқиға 31 қазанда Алатау ауданында 2 қабатты жеке тұрғын үйде болды, 5 адам көгілдір отыннан уланған, оның ішінде үшеуі 2014, 2012, 2021 жылы туылған балалар) Тексеріліп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар үйлеріне жіберілген.

Мемлекеттік өртті бақылау басқармасының басшысы Данияр Жүсіпов мегаполис тұрғындарына газ баллондары мен газ жабдықтарын тек осы өнімдерді сатуға сертификаттары бар мамандандырылған ұйымдардан сатып алған дұрыс екенін айтты.

«Мамандардың қызметіне жүгіне отырып, жыл сайын газ жабдықтарын міндетті түрде тексеру керек. Желдету құбырларының жарамды істеп тұрған-тұрмағанын бақылау керек, бөлмені үнемі желдету керек, әсіресе ұйқыға жатар алдында. Газ құрылғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау, сонымен қатар жиһазды және басқа да жанғыш заттарды жылыту пештері мен газ құрылғыларының жанына қоймау, киімдер мен отынды кептірмеу өте маңызды», - деді құтқарушы.

Данияр Жүсіпов қалада жылыту маусымы басталғалы жеке секторда өртке қарсы қауіпсіздікті бақылау шаралары күшейтілгенін айтты.

«Алматы құтқарушылары жеке секторды тексеру барысында өрт қауіпсіздігінің 90-ға жуық бұзушылығын анықтады. Ондаған үйдің жағдайы нашар болғандықтан, мұржаларды тазалау, пештегі жарықтарды жөндеу, электр сымдарын ауыстыру, көмірқышқыл газын анықтау құрылғыларын орнату және басқа да шаралар жасау қажет болды. Халықтың әлеуметтік осал топтарына ерекше көңіл бөлінді. Мәселен, тізімдер түзетіліп, 792 тұрғын үй есепке алынды. Осыған байланысты, қыркүйек айында «Көмек қолы» акциясы ұйымдастырылып, оның барысында аз қамтылған отбасыларға газ датчиктері орнатылды, бұрын орнатылған датчиктердің батареялары ауыстырылды, басқа да өртке қарсы және профилактикалық көмектер көрсетілді», - деді Данияр Жүсіпов.

Сонымен қатар, биыл 151 934 жеке тұрғын үй есепке алынған, оның ішінде 1205 үй қатты отынмен жылытылады. Бүгінгі күні олар 100% тексеруден өтті.

Брифингке Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өртті бақылау басқармасының бас маманы Қайыржан Ақшайықов та қатысты. Оның айтуынша, 2018 жылдан бері халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының 1340 үй газ иісінен қорғайтын датчиктермен жабдықталған.

«Иістен қорғайтын датчиктердің арқасында адам өмірін сақтап қалған екі жағдай болды», - деді спикер.

Журналистердің сұрақтарына жауап берген олар газ иісінен улану белгісі бас ауруы, әлсіздік, бас айналу, есту және көру қабілетінің төмендеуі, жүрек айну түрінде көрінетінін айтты. Қатты иіс тиіп ауырған адам есінен танып қалуы мүмкін, терісі бозарып, тырысқақ пайда болады. Ақыр соңында, жүрек пен тыныс алудың тоқтауынан адам өліп кетуі мүмкін. Мұндай жағдайда зардап шегушіге алғашқы көмектің дұрыс көрсетілгегі өте маңызды.

«Адамды таза ауаға шығарып, аяғын жоғары көтеріп жатқызу керек, тар киімін босатып, мүсәтір спиртін иіскету керек. Егер зардап шегуші тыныс алмаса, қолдан дем алдыру керек. Міндетті түрде жедел жәрдем шақыру қажет. Егер бұл мүмкін болмаса, адам өз-өзіне келгеннен кейін зардап шегушіні медициналық мекемеге жеткізуге тырысу керек», - дейді құтқарушылар.