Күн суыған кезде өрт және газ иісінен улану жағдайлары жиілей түседі. Жүргізіліп жатқан профилактикалық шараларға қарамастан, мұндай жағдайлар, өкінішке қарай, жылдан жылға қайталанып келеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Ерболат Төртқараев айтты.
ТЖД мәліметі бойынша, жыл басынан бері Алматы қаласының аумағында өрт санының өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға азайғаны байқалған. Мысалы, биыл 663 өрт оқиғасы тіркелген, оның ішінде 150 адам құтқарылды, қауіпті аймақтардан 651 адам эвакуацияланды, сонымен қатар, 2 млрд теңгеден астам соманың мүлкін құтқару мүмкін болды.
Спикер өрттің негізгі көлемі (54%, немесе 342 жағдай) жеке секторда болатынын атап өтті. Сонымен бірге, ол өрттің жеке секторда шығуының негізгі себептерін тізіп берді:
- Электр құралдарын пайдалану мен монтаждау ережелерін бұзу – 188 жаңдай, немесе 55%;
- отпен ойнау (отқа байқаусыз, абайсыз қарау) – 62 жағдай, немесе 18%;
- пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу – 38 жағдай, немесе 11%;
- Өрттің басқа себептері – 34 жағдай, өрт қою – 20 жағдай.
«Біз қайғылы жағдайларға қатысты талдау жүргіздік, оның нәтижесінде көптеген өрт оқиғалары мен адамдардың газ иісінен улануы зардап шегушілердің жылыту аспаптары мен газ құралдарының пайдалану кезінде немқұрайлығынан болып жатады. Алматы қаласы бойынша қатты отынмен жылытылатын 2791 үй есепке алынды, өрт кезінде жанған азық-түліктен улану саны 4 оқиға бойынша 10 адамды құрады», - деп толықтырды Е.Төртқараев.
Оның айтуынша, тұрғындар түтін шығатын мұржалардың бітеліп қалу жағдайларын тексермейді, түтін шығатын мұржаларды дұрыс байланыстырмайды. Газ плиталарын да қараусыз қалдырған тұрғындар да кездескен жағдайлар болған. Қайғылы жағдайлар газ құрылғысын дұрыс қолданбағаннан, газ шығып тұрудан, сонымен қатар, резина шалнгысының тозуынан және газ баллондарын дұрыс сақтамаудан болады.
«Газ баллондары мен газ құрылғыларын тек осы өнімдерді сатуға арналған сертификаттары бар арнайы ұйымдардан алуға шақырамыз. Авто және газ құю бекеттерінде баллонның шамадан тыс толуын болдырмау үшін, оның салмағы өлшенбейді. Газ құрылғыларын, соның ішінде газ баллондарын бөгде адамдардан сатып алмаңыздар. Газ құрылғысын мамандар қызметіне жүгіне отырып, тексеріңіздер. Желдеткіш каналдардың дұрыстығын бақылаңыз, үй-жайды үнемі желдетіп отырыңыздар, әсіресе ұйықтар алдында», - деп еске салды спикер.
2022-2023 жж. жылыту маусымында Өртті және адамдардың зардап шегуін болдырмау мақсатында Алматы қаласы ТЖД келесідей ережелерді сақтауға кеңес береді:
- газ құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау;
- жылыту пештері мен газ құрылғыларының жанына жиһаз немесе басқа да жанатын заттарды жақын қоймау, сондай-ақ, киім мен отындарды кептірмеу;
- дұрыс жұмыс істемейтін, бұзылып тұрған эллектр розеткаларын, электр аспаптарын пайдаланбау;
- электроплиталар, үтіктер, электр шәйнектер және керосин аспаптарын жанбайын жерге қою;
- пеш конструкциясындағы жарықтар мен кетіктерді сылау, мұржаларды күйеден тазарту;
- әрбір пеште жағатын есігінің алдына көлемі кемінде 50х70 см болатын лист шегелеп қою.