Биыл қала театрлары Парижден Мәскеуге дейінгі 20-дан астам әлемдік қалада өнер көрсетті.

Қуыршақ театры мен «Алатау» дәстүрлі өнер театры Қазақстан атынан Авиньон фестивалі мен Чехов атындағы халықаралық театр фестивалінде сахнаға шықты.

Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған халық аспаптарының көрмесі өтті.

Соңғы үш жылда Алматы мәдени ынтымақтастықты кеңейту мақсатында 18 халықаралық меморандумға қол қойды.

«Біз дәстүрді сақтап қана қоймаймыз – біз әлем таныған Алматының мәдени брендін қалыптастырып жатырмыз», – деп атап өтті қала әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков.

Оңтүстік астана қайтадан үлкен мегаполистің мәдени қарқынында өмір сүруде.

Жыл басынан бері қалада 1300-ден астам мәдени іс-шара өтіп, оларды 1,3 миллионнан астам адам тамашалаған.

«Біз мәдениетті тек мереке күндері емес, күн сайын сезінгіміз келеді. Әр тұрғын өз қуанышын саябақта, көшеде, өз ауласында таба алатындай болсын дейміз», – деді Азамат Қалдыбеков.

Алматыда жыл бойы маңызды мерекелер мен тарихи даталар аталып өтті.

Қала күніне орай өткен 200-ден астам іс-шара жарты миллионнан астам тұрғын мен қонақты біріктірді.

2030 жылға дейін Алматыда жаңа театрлар, кітапханалар, арт-кеңістіктер мен мәдени орталықтар салынады.

Мақсат – мәдениетті әр алматылыққа, мектеп оқушысынан бастап зейнеткерге дейін, қолжетімді ету.

Ақпарат көзі: Алматы қаласының ӨКҚ