2025 жылы Медеу ауданында жаңа оқу орындарын құру және бар мектептердегі жағдайды жақсарту жұмыстары жалғасуда. Соңғы жылдары аудан мектептерінде 4 368 оқушы орнының тапшылығы байқалды. Бұл мәселені шешу аудан әкімдігінің басты басымдықтарының бірі болып табылады, деп атап өтті ӨКҚде аудан әкімі Еркебұлан Оразалин.
Ағымдағы жылы 2 000 орындық №220 мектептің, 320 орындық НЗМ мектебіне жапсыра салынған құрылыстың, сондай-ақ 599 орындық «Joo School Medeu» жеке мектебінің құрылысы аяқталды. Сонымен қатар, 250 орындық №99 мектепке және 300 орындық №35 мектепке жапсыра салу жұмыстары аяқталуда. Осылайша, биылғы жылы ауданға 3 469 жаңа оқушы орны қосылады.
Сонымен қатар, 2026 жылдың соңына дейін тағы бес жобаны іске асыру жоспарлануда: №30, №56 және №17 мектептерін күрделі жөндеу, 300 орындық №131 мектеп-лицейін және 1 200 орындық «MG City» оқу кешенін салу. Сонымен қатар, №168 және №47 мектептерде 300 орынға арналған жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр.
Осылайша, Медеу ауданы кезең-кезеңімен оқушыларға арналған орындар тапшылығын шешіп, балаларға қазіргі заманғы мектептерде оқу үшін жайлы және ыңғайлы жағдай қалыптастыруда.
Ақпарат көзі: Алматы қаласының ӨКҚ