Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков бүгін ӨКҚ алаңында өткен онлайн-брифинг барысында қандай тұрғын үй кешендері салынатыны, жаңа саябақтардың пайда болуы, аулаларды жөндеу және абаттандыру туралы айтты.
«Рахат-Мәдениет» шағын ауданында 22 көпқабатты тұрғын үйден тұратын «Мәдениет» тұрғын үй кешені салынды. Жоба бойынша 43 622 шаршы тұрғын үй (792 пәтер) салу көзделген. Қазіргі уақытта пайдалануға беру жоспарлануда
Сонымен қатар, меншікті инвестициялық қаражат есебінен 5 тұрғын үй кешенінің құрылысы жүргізілуде:
- «Алатау Сити» - 6 үй (534 пәтер), жалпы ауданы 47,4 мың шаршы метр.
- «Алмалы» - 2 үй (192 пәтер), жалпы ауданы 10,7 мың шаршы метр.
- «Алатау Прогресс» жоспар бойынша 61 КПТҮ көзделген, ағымдағы жылы 28 КПТҮ құрылысы жүргізілуде.
- Северное кольцо,92 мекен-жайы бойынша көпфункционалды тұрғын үй кешені. Жоспар бойынша 10 қабатқа 16 КПТҮ қарастырылған.
- «Ojet» көпфункционалды тұрғын үй кешені. Жоспар бойынша 9 қабатқа 7 КПТҮ қарастырылған.
Алатау ауданының келбетін өзгерту тақырыбын жалғастырған Азамат Қалдыбеков «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасының 15 жобасу туралы айтты, солардың арқасында «Шапағат», «Саялы», «Ақбұлақ», «Алатау» театры, «Массагет», «Қарағайлы» саябақтары салынып, 54 көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттері, 23 аула мен 18 балабақшаға жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 6 футбол алаңы мен 6 жекпе-жек орталығы салынды.
Өз сөзін Азамат Қалдыбеков «Бюджетке қатысу» бағдарламасын жүзеге асыру мәселесімен қорытындылады, оған әрбір тұрғынның жобасын ұсыну мүмкіндігі бар.
«2020 жылы осы бағдарлама аясында қала тұрғындарынан 99 жоба келіп түсті, оның ішінде қала тұрғындарының дауыс беруіне сәйкес, 1 млрд.300 млн. теңге сомасына 31 жоба 2021 жылы іске асырылатын болады. Барлық жобалар бойынша мердігер ұйымды анықтау үшін ашық конкурс жарияланды», - деп ақпараттандырды Қалдыбеков.
«Бюджетке қатысу» жобаларын қолдау туралы айта келе, Азамат Қалдыбеков жыл сайын қаржыландыру көлемі артып келе жатқанын, егер 2019 жылы 3 жобаға қолдау көрсетілсе, биыл олардың саны отыздан асқанын атап өтті. Ал қаржыландыру Алматының басқа аудандарына қарағанда 1,5 есе көп.
«Бізде барлық жағдай бар, көптеген бос орындар, учаскелер бар. Мысалы, биылғы жылдың маңызды жобаларының бірі - Райымбек-Момышұлы көшелерінің қиылысындағы көпір астындағы орынның құрылысы. Онда 30 сотық жерде Нұр-Сұлтан қаласына ұқсас спорт алаңдары пайда болады», - деді Азамат Қалдыбеков.
Көпір астындағы орында баскетбол, футбол алаңдары, воркаут және граффити алаңдары болады, мұнда стрит артпен айналысуға болады. Бұдан басқа, Өжет шағын ауданында габион бойында тротуар, демалыс аймақтары, күркелер пайда болады. Бұрын онда қамыс өсіп, абаттандырылмаған болатын. Ең шетте орналасқан Теректі ауданында да сквер салынады.
Биылғы жылы ұзындығы 12 км 11 көшеге ағымдағы жөндеу жүргізу, сондай-ақ ұзындығы 51 км 69 көшеге арық желілерін салу жоспарлануда.