Өткен жылдың жазында "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңға өзгерістер енгізілді. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында шағымдарды қабылдаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі іске қосылуда. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингі барысында Алматы қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің басшысы Арман Ақсубаев айтып берді.
Арман Ақсубаев өткен 2020 жылды тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өзгерістердің бастауы деп санауға болады деп есептейді.
2020 жылғы 25 маусымында "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңға түзетулердің 1-пакеті қабылданды. Бұл маңызды қадам тұтынушылардың шағымдарын қараудың 3 сатылы механизмін (сатушы - мемлекеттік органдар – сот) іске қосуға, "мемлекеттік" және "қоғамдық" бақылауды енгізуге, кәсіпқойлар қатарынан құқық қорғаушылар тізімін қалыптастыруға көмектесті.
"Жаңа тетік сатушының алдына тұтынушылардың шағымдарына жауап беру міндеттемесін, тұтынушының құқықтарын осы жерде және қазір қамтамасыз ету алгоритмін қарастырады. Ол үшін тұтынушылардың шағымдарын қараудың үш сатылы жүйесі енгізілді", - деп Арман Ақсубаев өзгерістер туралы сөз етті.
Сонымен, бірінші кезеңде сатушы сатып алушының шағымын өз бетінше немесе тұтынушылардың құқықтарын қорғау ұйымдарын тарта отырып қарауға міндетті. Бұл шағымдарды сол жерде және сол уақытта бейбіт жолмен шешуге болатын алғашқы кезең.
"Екінші саты мемлекеттің қосылуын көздейді. Яғни, егер сатушы келіскісі келмесе, шағымды тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне немесе басқа мамандандырылған органға жібереді. Мысалы, егер сатушы таразыны бұрап қойса немесе онлайн-дүкен тауарды жібермесе, онда бұл алаяқтыққа "саналады" және ІІМ органдарының жұмыс саласы болып табылады", - дейді Арман Ақсубаев.
Сотқа жүгіну, іс жүзінде, шағымды қараудың соңғы сатысы.
"Осылайша, біз кәсіпкерлер мен үкіметтік емес ұйымдарға бірінші кезекте мемлекеттің қатысуынсыз мәселені шешуге мүмкіндік береміз. Тұтынушыларға, бизнеске және мемлекеттік органдарға ыңғайлы болу үшін шағымдарды қабылдау мен қараудың e-tutynushy.kz бірыңғай ақпараттық жүйесі іске қосылды", - деп жалғастырды Ақсубаев.
Бүгінгі таңда бұл жүйе жұмыс істейді және бір уақытта сынақтан өтуде, кемшіліктер мен қателер жойылып, жүйенің функционалдығы біртіндеп енгізіледі. Онлайн-брифинг спикерінің айтуынша, жүйенің мақсаты тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың барлық шараларын бір жерге шоғырландыру, шағымдарды дайындау және оны құзыретті органдарға жіберу рәсімдерін жеңілдету және арзандату, сондай-ақ барлық өтініштер мен оларды қарау нәтижелерін цифрландыру болып табылады. Осы БАЖ-да тұтынушы шағымды әртүрлі тәсілдермен, оның ішінде мобильді қосымша арқылы бере алады.
Тұтынушыға ыңғайлы болу үшін жүйеде даудың нысанасына байланысты шағымдардың бірқатар үлгілік нысандарын орналастыру көзделеді. Сондай-ақ тұтынушы қажет болған жағдайда жүйеде қоса берілген тізбеден өз өкілін таңдап, сотқа дейінгі реттеудің жұмыс істеп тұрған институттарының бірін таңдай алады не шағымды тікелей мемлекеттік органға жібере алады.
Сонымен, басты бағыт кәсіпкерлік субъектілері арасында да, тұтынушылар арасында да бірыңғай ақпараттық жүйені дамыту және тарату болып табылады. Бүгінгі таңда жүйеге кіру барлық қатысушыларға ұсынылған, платформа e-tutynushy.kz электрондық мекен-жайы бойынша қол жетімді.
Онлайн-брифингтің жалғастырған Арман Ақсубаев бүгін "тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы"Заңға түзетулердің 2-ші пакетін әзірлеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Қазақстан тұтынушыларының Бірыңғай ұлттық қауымдастығын құру, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі Омбудсмен институтын енгізу, азаматтық қоғамды күшейту және нығайту жөніндегі бастамасы пысықталуда. Республикада тұтынушылар құқығын қорғау саласында 60-тан астам қоғамдық ұйым бар.
Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Арман Ақсубаев соңғы кезде жасалатын жиһаздың сапасына қатысты шағымдардың жиі түсетінін айтты. Қазіргі уақытта кәсіпкерге қатысты сотқа талап арыз беріліп, тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің мамандары құқықтық қолдау көрсетуде. Сондай - ақ, халық тарапынан сұранысқа ие сұраулар тізімінде - косметикалық қызметтер, сатып алынған авиабилеттер бойынша қайтарылмайтын мәселе туындаған кездегі туристік қызметтер сапрасының төмендігі.
Арман Ақсубаев бұл стратегия тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін одан әрі реформалауға және жаңғыртуға бағытталғанын, бұл тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыруға және тиісінше қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуіне ықпал ететінін атап өтті.