15 жобаға Ресай, Қытай, Жапония, Иран, БАӘ, Германия, Оңтүстік Корея және Түркиядан шетелдік серіктестер қатысуда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласының Индустриалды аймағы директорының орынбасары Арслан Абдамит хабарлады.
Индустриалды аймақ аумағының жалпы аумағы 490 гектарды құрайды. Бүгінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін 229 гектардан көп аумақ бөлінді, бос жатқан аумақ 96 гектардан сәл көбірек.
«Индустриалды аймақ аумағында орналасқан 54 компанияның арқасында 6,5 мың жұмыс орны құрылды. Бүгінгі күні жалпы сомасы 75 млрд теңгенің өнімі жүзеге асырылып, 99,6 млрд теңгеге өнім өндірілді», - деп хабарлады А. Абдамит.
АИА-ның соңғы жылдардағы жетістіктері жайлы айта отырып, Арслан Абдамит бизнесті сәтті құру мысалдарын келтірді.
«Мысалы, 2016 жылдың өзінде «BRBAPK» жылыжай кешені пайдалануға берілді. Жобаның құны 7,8 млрд теңгені құрды, 180 жұмыс орны құрылды. Жылыжай жұмысының арқасында жылына 7 мың тоннадан астам көкөніс өсірілген», - деді А. Абдамит.
2017 жылы Индустриалды аймақ аумағында 102 жұмыс орнын құра отырып, жалпы сомасы 818 млн теңге сомасына тағы екі жоба іске асырылды. Олардың арасында қағаз қаптарды шығаратын «Almapack» зауыты бар. Қазір ол жылына 6 мың қап өндіреді. Екінші жоба оргтехника үшін картридждер өндіретін «DOC Co.LTD» зауытының құны 460 млн теңге, қуаттылығы жылына 200 мың картридж.
А. Абдамит Индустриалды аймақтың қалыптасу тарихын нақты мысалдармен айтуды жалғастырды. 2018 жылы жалпы сомасы 16,4 млрд теңгеге 2 жүзеге асырылды.
Әлдеқайда табысты жобалар арасында қауіпсіздіктің инженерлік жүйелерін өндіретін, құны 3,7 млрд теңге болатын «TOKYO ROPE ALMATY» зауыты бар, қуаттылығы жылына 17-18 мың тонна. Сонымен қатар, кабель өнімін өндіретін «KMK Investment» зауытының қуаттылығы жылына 20 мың километр кабель шығарады.
2019 жылы 8,7 млрд теңге сомасына 705 жұмыс орнын құрумен 5 жоба қосылды.
«Бұл скотч және стрейч-пленкалар өндіретін «KazTigerTape» зауыты, қуаттылығы жылына 1250 тонна. Сонымен бірге, жылу-сумен қамту жабдығын жасаушы «ЭНКО» зауыты, полимерлік өнімдерді өндіретін «ASSET», энерготиімді сәулеттік қасбеттерді шығаратын «Техновид» және жобалық қуаттылығы жылына 5 500 тонна ет өнімдерін өндіретін «МПЗ Бижан» ет өнімдері мен полуфабрикаттар зауыты», - деді А. Абдамит.
Өткен жылы Индустриалды аймақ жалпы сомасы 28,8 млрд теңгеге 792 жұмыс орнын құрумен үш жобамен толықты. Бүгінде онда металл өңдеу және жылжымалы қоршау конструкцияларды, автоматты қақпалар және рольставнялар шығаратын «ДорХан - Алматы», медициналық мақсаттағы өнімдерді өндіретін «Алмерек» және отандық құрастырудағы автокөліктерді шығаратын «HyundaiTransKazakhstan» зауыттары белсенді жұмыс істеп жатыр. Биыл тағы 9 жаңа кәсіпорын құрылады.