Желтоқсан айының басында Алматыда күн құбылып, ұйытқып жел соға бастайды
Желтоқсан айының басында Алматыда күн райы күрт құбылады. Бірнеше күннен бері тыншып тұрғаннан кейін іле-шала жаңбыр жауып, артынан қар араласып, ұйытқып жел соғады. Осыдан кейін қаланың тынысы ашылып, бір рахаттанып қалады. Жауын-шашын қаланы тұмшалап тұрған түтінді қуып, желден ауа да тазарып, серуендеп қайтатындай атмосфера қалыптасады.