Б. Сағынтаев: алматылықтардың көгалдандыруға қатысуы қаланың жасыл қорына ұқыпты қарауын қалыптастырады
Көшеттерді тегін тарату акциясы қала тұрғындарын көппәтерлі үйлердің аулалары мен жалпы пайдалану орындарын көгалдандыруға тарту мақсатында өткізіледі. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» ТА-дағы Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирінде хабарлады.