Алматыда әлеуметтік нан бағасын тұрақтандыру үшін 150 млн теңге бөлінеді
Алматы өндірушілері қала дүкендері сөрелеріне әлеуметтік нанды жеткізуді жалғастыру үшін субсидия алады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин мәлімдеді.