Алматылықтардың қаншасы банкрот атанғаны Мемлекеттік кірістер департаментінде айтылды
Қалада жыл басынан бері барлығы 1727 өтініш берілген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қарызын өтей алмайтын борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы Айдос Будугулов мәлімдеді.