Әділет министрі Алматы қаласының кәсіпкерлерімен кездесті
Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы алаңында Әділет министрі Қанат Мусин алматылық бизнес субъектілерімен кездесу өткізді. Күн тәртібінде қаңтар оқиғасы кезінде кәсіпкерлер субъектілеріне келтірілген залалға қатысты мәселе, сондай-ақ, кәсіпкерлерді қолдаудың заңнамалық шаралары талқыланды.