Емханаларға тіркелу науқаны: алматылықтарға медициналық ұйымдарды таңдау тәртібі туралы еске салды
15 қыркүйектен бастап Қазақстанда жыл сайын емханаларға тіркелу науқаны басталады. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының емдеу-профилактикалық қызмет және мониторинг, талдау, цифрландыру және мемлекеттік қызметтер бөлімінің басшысы Ләйлә Иманғалиева 15 қарашаға дейін алматылықтар қалай және қайда тіркелуі мүмкін екенін айтты.