Алматылықтар сайлау учаскелеріне 2ГИС және Yandex Maps картасы қосымшаларының көмегімен бара алады
Дауыс беру орындары картада белгіленеді, бұны Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясында ескерген. Аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова ӨКҚ брифингінде кезектен тыс президенттік сайлау алдындағы мегаполистегі ағымдағы жағдай туралы егжей-тегжейлі айтып берді.