Алматы әуежайының ішкі рейстер терминалы жаңартылды: енді жылына 9 млн жолаушыға қызмет көрсете алады
Алматы халықаралық әуежайында ішкі рейстерге арналған Т1 терминалының жаңғырту жұмыстары аяқталды. 14 қарашада өткен ресми ашылу рәсімінен кейін жолаушылар жаңартылған инфрақұрылымды пайдалана алады. Жобаға шамамен 32 млн доллар инвестиция салынған.