Жастар — экологиялық бастамалардың қозғаушы күші
Алматыдағы жұмыстың жеке бағыты жастармен байланысты. Жастар саясаты басқармасының мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері «Таза Қазақстан» аясында қалада 98-ден астам экологиялық іс-шара өткізіліп, оған 18 мыңнан астам жас қатысты. Тағы 3,6 мыңнан астам адам ауқымды қалалық сенбілікке қосылды.