Алматыда алаяқтық жасаған 17,6 мыңнан астам интернет-ресурс бұғатталды
Алматы интернет-алаяқтыққа қарсы жан-жақты күрес жүргізіп жатыр. Былтыр осындай 2,5 мыңнан астам қылмыс тіркеліп, жапа шеккен азаматтарға 700 млн теңгедей қайтарылды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қалалық ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Еркебұлан Қойшыбаев осылай деп мәлімдеді.