20-дан астам автокөлік пен мотоцикл бағанасы оңтүстік астананың орталық көшелерімен жүріп өтті. Акцияны Jas Otan жастар өкілдері мен еліміздің бас байкері Дмитрий Петрухин қолдады.
Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімдігі өкілдерінің айтуынша, мұндай автошеруді жүргізушілер мен байкерлердің қатысуымен жыл сайын өткізіп тұрады. Осындай іс-шарада олар патриотизмді, еліміздің рәміздеріне деген мақтаныш сезімін көрсетеді.
Осындай автошеру мегаполис тұрғындарын әрдайым қызықтырады, бұл Алматы көшелерімен жүріп өтетін автокөліктердің әдемі көрінісі.
Акцияға қатысушылар арасында Қазақстан байкерлер қауымдастығының президенті Дмитрий Петрухин де бар. Алматы тұрғыны өз бастамасымен 2004-2011 жылдар аралығында мотоциклімен әлемнің барлық құрлықтарын жүріп өтіп, Қазақстанның туын 170 елге танытты.
Байкер үшін бұл жай саяхат емес, өз елінің тарихы. Шетелде болған кезде Д. Петрухин әрдайым өзімен бірге мақтан тұтатын жалауды алып жүреді.
«Біздің жастарымыз мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарайтыны өте жақсы. Біздің әрқайсымыз үшін тудың қасиетті екенін білеміз. Кейбір елдерде тудың суретін іш киімге, шұлықтарға қоюға рұқсат етіледі, ал біздің елде бұл қолайсыз. Біздің үйде 20 жылдан бері қазақстандық ту ілулі тұр, мен оны дүниежүзіне мақтан етемін. Туды көрген барлық адам: «Неткен әдемі!» – деп айтады. Менің ойымша, біздің туымыз өте сәнді, аспан, күн, бүркіт бейнесіне ұқсас бірде-бір жалауша көрмедім!», – деп бөлісті Дмитрий Иванович Петрухин.
Мәреге жеткен автошеруге қатысушылар үрмелі оркестрдің сүйемелдеуімен ҚР Әнұранын орындады.