Метро қызметкерлері өздерінің және жақындарының денсаулығы үшін вакцина алды.
Коронавирусқа қарсы вакцина басталғаннан кейін Алматы қаласы метрополитенінің электр пойыз жүргізушісі Әлібек Ыдырысов алғашқылардың бірі болып COVID-19-ға қарсы екпе алды.
"Мен коронавирусқа қарсы вакцина басталғанын естіп, бірден екпе алуға шешім қабылдадым. Біз індет кезеңінде жұмыс істедік, қорқынышты болды. Қаланың көптеген тұрғындары екпе алса иммунитет жақсарады, ауру азаяды және бұрынғы өмірімізге ораламыз деп үміттенемін. Карантиндік шектеулерден шаршадық", – дейді Әлібек.
Аға оператор-кассир Игенбаева Ассыгүл де КВИ-дан вакцина алды. Ол: "Мен індет кезінде декреттік демалыстан шықтым. Біз эпидемияға қарсы барлық шараларды сақтадық, өйткені менің үш балам бар. Мен осы вирустың емін ойлап табады деп үміттендім. Вакцина басталғаннан кейін бірден екпе алдым. Алматы тұрғындары ғана емес, бүкіл әлем туған-туыстары мен жақындарының өмірі үшін екпе алып, қалыпты өмірге қайта оралғысы келеді!”.
01.02.2021-20.06.2021 жыл аралығында қала бойынша барлығы 375 340 адам вакцинацияланды.
Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер 45 304 адамды құрайды.
Бүгінгі таңда Алматыда медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 211 вакцинация пункті жұмыс істейді. 304 вакцинация бригадасында 1 257 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.