ҚХА мүшесі, Алматы қаласы Өзбек этно-мәдени орталығы төрағасының орынбасары Абдухалил Оралбаев вакцина туралы өз пікірімен бөлісті.
"2021 жылы 9 сәуірде мен ресейлік “Спутник V” вакцинасының бірінші дозасын алдым. Бүгінде вакциналану – өзекті мәселе. Менің ойымша, біздің республикамыздың әрбір саналы азаматы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін вакцина алуы тиіс. Мен денсаулығым үшін вакцина салдырдым. 21 күннен кейін вакцинаның екінші дозасын алдым. Барлығы жақсы, жағымсыз әсерлер болмады", - дейді Абдухалил Оралбаев.
Ол вакцина алмасақ, Үндістандағы сияқты жағдай нашарлауы мүмкін деп санайды.
Абдухалил Оралбаев Алматы қаласының тұрғындарын вакцина алуға шақырды.
"Егер біз бұл ауруды бірге жеңу және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін вакциналануға тиіспіз, әйтпесе ұзақ уақыт үйде боламыз. Мемлекет бізге екпе пункттерін құру арқылы көмектесіп жатыр, сол үшін вакцина алу қажет", – деді Абхухалил Абдурайымұлы.Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 2 426 адам вакцина алды.
01.02.2021-20.06.2021 жыл аралығында қала бойынша барлығы 375 340 адам вакцинацияланды.
Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер 45 304 адамды құрайды.
Бүгінгі таңда Алматыда медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 211 вакцинация пункті жұмыс істейді. 304 вакцинация бригадасында 1 257 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.