Алматыда эпидемиологиялық ахуал ушығып тұр. 2021 жылы 18 тамызда коронавирус инфекциясының 1 570 жағдайы тіркелді, оның ішінде 1 475 симптомды және 95 симптомсыз. Ең жоғары аурушаңдық бұрынғыдай 20-39 жас аралығындағы азаматтар арасында тіркелді, бұл 35,6%.
«Алматы Менеджмент Университеті» шығармашылық индустрия орталығының директоры Дана Шаяхмет пен режиссер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қарлығаш Әжиева алматылық жастарды екпе алуға шақырды.
Вакцинация бүгінде COVID-19 және оның зардаптарынан қорғанудың жалғыз құралы болып қала береді.
«Күйеуім екеуміз бірінші кезекте отбасымызға вакцина салдырдық. Өйткені біз, өз отбасымыздың жас мүшелері ретінде, үлкендердің денсаулығына жауаптымыз. Егер оларда қарсы көрсетілімдер немесе қауіп-қатерлер болса, онда біз иммунитетімізге сенімдіміз және вакцинаны алуға және жақындарымыздың денсаулығын сақтауға мүмкіндігіміз бар. Вакцинация – қазір бәріміз үшін дұрыс шешім», - деді Дана Шаяхмет.
Өткен тәулікте 5 153 адам бірінші компонентпен вакциналанды, ал 6 276 адамға екінші компонентпен. Барлығы 828 376 адам барлық кезең бойынша I компонентпен, ал 655 235 адам II компонентпен егілді. Елдегі вакцинация көрсеткіші бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр. Соған қарамастан ұжымдық иммунитетті қалыптастыру бойынша жұмыс аяқталған жоқ. Алматы тұрғындары үшін вакциналардың қолжетімділігі қамтамасыз етілген және барлық жағдай жасалған. Қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет және спорт нысандарында, базарларда және қаланың СОСО-да 160 екпе пункті бар (250-ге дейін ұлғайту мүмкіндігімен). 1 028 адамнан тұратын 237 екпе бригадасы жұмылдырылды.
Коронавирустық инфекциямен ауырған режиссер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қарлығаш Әжиева қала тұрғындарын күрделі эпидемиологиялық ахуалды жеңу үшін екпе алуға шақырды.
«Мен режиссермін, продюсерлік орталықтың жетекшісімін, тәрбиешімін, мұғаліммін. Мен екінші жыл бойы біз сүйікті ісімізбен айналыса алмағанымызға аса қапаланамын. Біз адамдарды бақытты ете аламыз, оларға мәдениет әкелеміз, ән айтамыз, көңіл-күйлерін көтереміз. Және бұл орындалмай жатқаны өкінішті. Өйткені ойға қонымсыз нәрселер болып жатыр – шексіз карантин адамдардың вакциналануға белсенді түрде бармауынан», - деді Қарлығаш Әжиева.
Оның айтуынша, ол коронавируспен ауырған және аурудың қаншалықты қауіпті екенін біледі.
«Аурудан кейінгі уақыт аралығын енсере отырып, ертең мен вакцина алуға барамын. Себебі жұмыс жасағанымызды, кездескенімізді қалаймын, тек әлеуметтік желілерде отырғанды қаламаймын, бәріміз одан шаршадық. Сондықтан мен барлық азаматтарды вакциналануға шақырамын», - деп түйіндеді сөзін Қарлығаш Әжиева.